Алматыдағы "Сұңқар" тұрғын үйінен коронавирустың алғашқы ошағы анықталды

19 Наурыз 2020, 09:22
2681
Бөлісу:
Алматыдағы "Сұңқар" тұрғын үйінен коронавирустың алғашқы ошағы анықталды

Алматы, BAQ.KZ. Қауіпті вирус ошағы анықталған Сұңқар тұрғын үй кешені түгелдей карантинге жабылды. Бұл туралы STOPCOV.ALMATY телеграм каналы хабарлады.

Бұл мәліметті қала әкімдігі де растады. Қазіргі уақытта аталған тұрғын үй кешенінің тұрғындары ешқайда шыға алмайды және қонақ қабылдауына да тыйым салынған. Тіптен жерасты автотұрағына түсуге де шектеу қойылған. 
Тұрғындар үшін жалғыз азық-түлік дүкені жұмыс істеп тұр. Онда карантин кезінде жететін қажетті заттың бәрі бар. Қала ортасынан тауарға немесе азыққа тапсырыс берген уақытта оны сондағы төрт бақылау-өткізу пунктінің бірінен алуға болады, - делінген хабарламада.  

Карантин 15 күнге созылады және қажет болған кезде уақыты тағы созылуы мүмкін. Сондай-ақ, карантин режимін бұзғандар Заңға сәйкес әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылады.
Өзгелердің жаңалығы