Төтенше жағдай: Футболшыларға еңбекақы төленбейді

19 Наурыз 2020, 21:37
1538
Бөлісу:
Төтенше жағдай: Футболшыларға еңбекақы төленбейді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Каспий" футбол клубы басшылығы бұл шешімнің елдегі төтенше жағдайға байланысты қабылданғанын айтты. Бұл туралы Kazfootball cайты хабарлады.

Ақтаулық "Каспий" футбол клубы Қазақстанда COVID-19 вирусының өршуі салдарынан енгізілген төтенше жағдайға байланысты ойыншылармен келісім-шартты тоқтатты.

Желіде негізгі құрамның барлық ойыншыларына басшылық тарапынан жіберілген хат пайда болды. Онда 15 сәуірге дейін қолданыстағы келісім-шарттар бойынша төлемдердің күшін жою туралы айтылған. Клуб басшылығы бұл шешімнің футболдан ел чемпионатын тоқтата тұруға және елдегі форс-мажорлық жағдайға байланысты қабылданғанын айтты.

Қазақстандық футболдың ардагері Юсуп Шадиевтің пікірінше, еңбекақы төленбеген жағдайда топтың қазақстандық ойыншылары үнсіз қалуы мүмкін, бірақ легионерлер ФИФА-ға шағымданады, бұл клубтың жазалануына алып келуі мүмкін. Өз кезегінде, Қазақстан құрамасы бапкерлік штабының бұрынғы қызметкері Яшар Әлиев барлық төлемдер келісім-шарттағы нақты тармақтарға байланысты екенін атап өтті.

Өзгелердің жаңалығы