Алматы полициясы қаланы айналып өту сызбасын көрсетті

19 Наурыз 2020, 10:34
2156
Бөлісу:
Алматы полициясы қаланы айналып өту сызбасын көрсетті

Алматы, BAQ.KZ.  19 наурыз күні сағат 00:00-ден бастап жарияланған карантин ережелерін сақтау, сондай-ақ қаланың көлік артериясын түсіру тәртібін реттеу мақсатында Алматы полициясы қаланы облыс аймағы арқылы айналып өту жолының сызбасын картаға белгіледі.

Бұл облыс аймағы арқылы қаланы айналу бағытын көрсетеді.  Шартты түрде, Талғар ауданынан Қарасайға және тағы басқа аудандарға қалай жетуге болады. Картада нүкте сызықпен қаланы Алматы облысының елді мекендері арқылы айналып өту жолдары көрсетілген.

WhatsApp Image 2020-03-19 at 10.18.46.jpeg
Біз азаматтарды маршруттарды алдын-ала жоспарлап, реттеуге, төтенше жағдайлар мен карантин ережелерін қатаң сақтауға, полиция қызметкерлерінің заңды талаптарын сақтауға және короновирустық инфекциямен күресу мен алдын-алу шараларына түсіністікпен қарауға шақырамыз, - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы