Тоғжанов Ералы Лұқпанұлы
3854
Қазіргі лауазымы: Ақтөбе облысының әкімі
Әлеуметтік желілерде: https://www.facebook.com/profile.php?id=100035361099126
Туған жылы: 1963 жылы 13 мамырда туған.
Білімі: Е.А. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген (1988 ж.).
ҚР Ғылым Академиясының Мемлекет және құқық институтын заңгер мамандығы бойынша тәмамдады (1994 ж.).
Заң ғылымдарының кандидаты. Саясаттану ғылымдарының докторы.
1988-1991жж. Е.А.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы кафедрасында оқытушысы.
1991-1994 жж. – ҚР Ғылым Академиясының Мемлекет және құқық институтының аспиранты. 1994-1996 жылдары ҚР Ғылым Академиясының Мемлекет және құқық институтында ғылыми қызметкер.
1996 жылдан бастап 1997 жылға дейін Қазақ гуманитарлық заң университетінің Мемлекеттік қызмет және халықаралық құқық факультетінің аға оқытушысы, декан орынбасары.
1997-1999 жылдары Қазақ гуманитарлық заң университетінің Халықаралық құқық факультетінің деканы.
1999-2001 жж. Астана қаласындағы Қазақ гуманитарлық заң университетінің Құқық және мемлекеттік қызмет институты филиалының директоры, кейіннен осы институттың директоры.
2001-2006 жылдары Қарағанды облысы әкімінің орынбасары.
2006-2008 жылдары Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Дін істері комитетінің төрағасы.
2008-2017 жылдары Мемлекет басшысының өкімімен Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі хатшылығының меңгерушісі.
2017-2019 Маңғыстау облысының әкімі
2019 жылдан ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы.
2020 жылдың ақпанынан Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары болып тағайындалды
2022 жылдың 5 қаңтарында Мемлекет басшысының Жарлығымен Үкімет толық құрамда отставкаға кетті.
2022 жылдың 11 қаңтарында Президент Жарлығымен Премьер-минисирдің орынбасары болып қайта тағайындалды.
2022 жылы 31 тамызда Президент жарлығымен Ақтөбе облысының әкімі болып тағайындалды
Айбар ОЛЖАЕВ
Қаржы саласының маманы
Жоғары пайыз бен нақты көлем: Экономикадағы басты айырмашылық
Қазбек МАЙГЕЛДИНОВ
Саясаттанушы
Қазақстан-Түрікменстан: Каспий арқылы көлік және логистика бағыттары кеңейеді
Айбар ОЛЖАЕВ
Қаржы саласының маманы
«АҚШ-тың Қазақстанға салған баж салығы ел экономикасына әсер етпейді...»
Нұрсұлтан ЕРБОЛАТҰЛЫ
Қаржы сарапшысы
«Миграция және рубль: Экономиканы тіреп тұрған сыртқы табыс» -
1Енді ақша жіберу үшін тек телефон нөмірі жеткілікті365072"40 жылда болмаған жағдай": Алтын мен күміс күрт құлдырады192283"Ұстап алып, бұрышқа қарай сүйреген": Шымкентте қыз балаға шабуыл жасаған жасөспірім ұсталды187424Ақпан айында күн қандай болады? Синоптиктер ауа райы болжамын жаңартты137055Ақпанда жаңбыр жауды: Алдағы күндері ауа райы қандай болады?12341