Өзбекстан, Қырғызстан мен Тәжікстанның негізгі табыс көзі — Ресейдегі еңбек мигранттарының аударымдары. Бұл елдерде жұмыссыздық деңгейі жоғары, ал рубльмен келетін кез келген табыс ел экономикасы үшін маңызды ресурс.
Қазақстан мен Түркіменстанға келетін ақша көлемі салыстырмалы түрде аз. Қазақстанның өз ішкі экономикасы әлдеқайда тұрақты, ал Түркіменстан жабық елдердің қатарында.

Бір қызығы, соңғы жылдары рубльдің әлсіреуі мен санкцияларға қарамастан, бұл аударымдар көлемі азайған жоқ — керісінше, кейбір елдер үшін рекордтық деңгейге жетті.
Өзбекстан миграциялық күшін Ресейден азайтып, Еуропа мен оңтүстік Корея елдеріне әртараптандыру саясаты сәтсіз жүргізілуде.
Ресейде жүрген мигранттар бүгінде Тәжікстан ЖІӨ-нің 45 пайызын, Қырғызстанның әрбір бесінші сомын жасауда. Ал Өзбекстан экономикасының 14% сыртта жүрген еңбек күші қалыптастыруда.