Тілеуберді Мұхтар Бескенұлы
3386
Қазіргі лауазымы: Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі
Туған жылы: 30.06.1968 жыл
Білімі: С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің философия-экономика факультетін бітірген,
М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті жанындағы Азия және Африка институтында және Йенсе Университеті (Корей Республикасы) жанындағы Тілдер институтында тәжірибе алған.
Төтенше және Өкілетті Елші дипломатиялық дәрежесі бар.
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің философия тарихы және қытай филологиясы кафедраларында жұмыс істеген.
ҚР СІМ-дегі дипломатиялық қызметін 1993 жылы атташе болып бастады, Орталық аппараттағы мансаптық өрлеуі барысында Азия елдері басқармасының үшінші хатшысы, Азия департаментінің бірінші хатшысы, Екіжақты ынтымақтастық департаментінің бөлім бастығы лауазымдарын иеленді. Шетелде ҚР-дың Корей Республикасындағы Елшілігінде екінші хатшы және ҚР-дың Израиль Мемлекетіндегі Елшілігінде кеңесші болып қызмет етті.
ҚР Президентінің Әкімшілігінде Мемлекеттік хатшының кеңесшісі лауазымында жұмыс істеді. 2003 жылы Сыртқы істер Вице-Министрі болып тағайындалды.
2004 жылы ҚР-дың Малайзиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі және 2005 жылдан бастап Индонезия Республикасындағы, Брунейдегі, Даруссаламдағы және Филиппин Республикасындағы Елшісі қызметін қоса атқарды.
2009 жылы ҚР-дың Швейцария Конфедерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды және Лихтенштейн Княздігі мен Ватикан Мемлекетінде Елші қызметін қоса атқарды, сонымен қатар Женевадағы БҰҰ-ның Бөлімшесінде және басқа да халықаралық ұйымдарда ҚР-дың Тұрақты Өкілі болды. 2015 жылы ҚР-дың Иерусалимдік Әулие Иоанн Егеменді Әскери Госпитальерлер Ордені жанындағы, Родостағы және Мальтадағы қоса атқарушы Елші болып аккредиттелді.
2016-2019 – ҚР Сыртқы істер министрінің Бірінші орынбасары.
2019 жылдың қыркүйек айынан бастап Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі.
2022 жылдың 5 қаңтарында Мемлекет басшысының Жарлығымен Үкімет толық құрамда отставкаға кетті.
2022 жылдың 11 қаңтарында Президент Жарлығымен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі болып қайта тағайындалды.
«Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005 ж.), «Қазақстан Республикасының Парламентіне 10 жыл» (2006 ж.), «Астананың 10 жылдығы» (2008 ж.), «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» (2011 ж.), «ШЫҰ-ға 10 жыл» (2011ж.), «Ерен еңбегі үшін» (2014 ж.),«Қазақстан Конституциясына 20 жыл» (2015ж.), “Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл", 2016 ж.; “Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметіне 25 жыл", 2017 ж.; “Астана 20 жыл", 2018 ж. мерейтойлық медальдарымен марапатталған. ҚР Президентінің алғыстары жарияланған (2003 ж., 2010ж.).
Қазбек МАЙГЕЛДИНОВ
Саясаттанушы
Қазақстан-Түрікменстан: Каспий арқылы көлік және логистика бағыттары кеңейеді
Айбар ОЛЖАЕВ
Қаржы саласының маманы
«АҚШ-тың Қазақстанға салған баж салығы ел экономикасына әсер ептейді...»
Нұрсұлтан ЕРБОЛАТҰЛЫ
Қаржы сарапшысы
«Миграция және рубль: Экономиканы тіреп тұрған сыртқы табыс»
Қазбек МАЙГЕЛДИНОВ
Саясаттанушы
«5-ші, 6-шы, 2-ші РЕСПУБЛИКА ұғымдары туралы» -
1Әзербайжан 2026 жылы Армениямен бейбіт келісімге қол қоюды жоспарлап отыр4382Ауа райы күрт нашарлайды: 5 желтоқсанда Қазақстанда боран соғады4173Италияның солтүстігінде тікұшақ апатқа ұшырап, бір адам қаза тапты3804Испания полициясы фермаларда құлдыққа түскен 300-ден астам шетелдікті босатты3695Семейде 25 мың орындық жаңа стадионның құрылысы басталды368
-
12026 жылы зейнетақы жинағынан қанша теңге шығарып алуға болады?1164821 желтоқсаннан бастап заң бұзған жүргізушілер айыппұл төлейді93983Алдағы үш күнде Астана мен Алматыда ауа райы қандай болады?7973415-20 мың теңге: Ет бағасы тағы өзгеруі мүмкін бе?63905Қазақстанда мерзімінен бұрын қалай зейнетке шығуға болады?5864