Қазыхан Ержан Хозеұлы
1090
Қазіргі қызметі: Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары – Қазақстан Республикасы Президентінің халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнаулы өкілі
Ержан Қазыхан 1954 жылы 21 тамызда дүниеге келген.
Алматы қаласында туған. Ленинград Мемлекеттік университетінің Шығыс факультетінде білім алып, 1987 жылы оқуын тәмамдаған.
Тарихшы, шығыстанушы. Төтенше және Өкілетті Елші дипломатиялық дәрежесі бар.
1989-1992 жылдар аралығында ҚазССР Сыртқы істер министрлігі Протоколдық-саяси бөлімінің екінші хатшысы, бірінші хатшысы.
1992-1995 жылдары Қазақстан Республикасының Мемлекеттік протокол басқармасының бөлім бастығы, басқарма бастығының орынбасары.
1995-2000 жылдары Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы Қазақстан Республикасы Тұрақты Өкілдігінің бірінші хатшысы, кеңесшісі ретінде жұмыс істеді.
2000 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Көп жақты ынтымақтастық департаментінің директоры.
2003 жылдан Қазақстан Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы Тұрақты өкілі, Қазақстан Республикасының Куба Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы.
2007-2008 жылдары Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары қызметін атқарды.
2008 жылдың ақпанынан желтоқсанға дейін Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі.
2009-2011 жылдар аралығында Қазақстан Республикасының Австрия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Вена қаласындағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі ретінде еңбек жолын жалғастырды.
2011 жылдың ақпан және сәуір аралығында – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары.
2011 жылдың 11 сәуірінен 2014 жылдың 17 қыркүйегіне дейін Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі қызметін атқарды.
2014 жылғы 17 қыркүйегінен Қазақстанның Ұлыбританиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі.
2017-2021 жж. Қазақстан Республикасының Америка Құрама Штаттарындағы Төтенше және Өкілетті елшісі.
2022 жылдың 11 қаңтарында Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары – Қазақстан Республикасы Президентінің халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнаулы өкілі лауазымына тағайындалды.
«Ерен еңбегі үшін» медалімен (2005), «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001), «Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл» (2005), «Қазақстан Республикасының Парламентіне 10 жыл» (2006), «Астананың 10 жылдығы» (2008) мерейтойлық медальдарымен марапатталған.
Қазбек МАЙГЕЛДИНОВ
Саясаттанушы
Қазақстан-Түрікменстан: Каспий арқылы көлік және логистика бағыттары кеңейеді
Айбар ОЛЖАЕВ
Қаржы саласының маманы
«АҚШ-тың Қазақстанға салған баж салығы ел экономикасына әсер ептейді...»
Нұрсұлтан ЕРБОЛАТҰЛЫ
Қаржы сарапшысы
«Миграция және рубль: Экономиканы тіреп тұрған сыртқы табыс»
Қазбек МАЙГЕЛДИНОВ
Саясаттанушы
«5-ші, 6-шы, 2-ші РЕСПУБЛИКА ұғымдары туралы» -
1Әзербайжан 2026 жылы Армениямен бейбіт келісімге қол қоюды жоспарлап отыр4032Италияның солтүстігінде тікұшақ апатқа ұшырап, бір адам қаза тапты3553Семейде 25 мың орындық жаңа стадионның құрылысы басталды3334Испания полициясы фермаларда құлдыққа түскен 300-ден астам шетелдікті босатты3295Ипотека, автонесие, салық: Нарықты не күтіп тұр?285
-
12026 жылы зейнетақы жинағынан қанша теңге шығарып алуға болады?1081821 желтоқсаннан бастап заң бұзған жүргізушілер айыппұл төлейді93923Алдағы үш күнде Астана мен Алматыда ауа райы қандай болады?7954415-20 мың теңге: Ет бағасы тағы өзгеруі мүмкін бе?63685Қазақстанда мерзімінен бұрын қалай зейнетке шығуға болады?5855