Оспанов Қуат Қалиұлы
1786
Қазіргі лауазымы:
- Туған жылы: 1964 жылы 11 желтоқсан
- Туған жері: Қарағанды облысы Осакаров ауданының Ералы елді мекенінде туған.
Білімі: 1982 жылдың қыркүйегінде КСРО ІІМ Қарағанды жоғары мектебінің күндізгі оқыту бөліміне түсіп, 1986 жылдың тамыз айында оны ойдағыдай аяқтаған.
Мектепті бітіргеннен кейін одан әрі қызмет атқару үшін Целиноград облыстық атқару комитетінің ІІБ-ге жіберіліп, онда қатардағы тергеушіден облыстың ІІБ Тергеу басқармасының бастығына дейінгі лауазымдарда жұмыс істеген.
2000 жылдан бастап 2004 жылға дейінгі кезеңде Астана қаласы ІІД Анықтау басқармасын басқарған.
2005 – 2006 жылдар аралығында Астана қаласы ІІД Заң бөлімінің бастығы;
2006 жылдың желтоқсанынан 2009 жылдың тамызы аралығы Қазақстан Республикасы ІІМ Кадр жұмысы департаменті Жеке құрам жөніндегі инспекциясының бастығы;
2009 жылдың тамызынан 2013 жылдың қаңтары аралығында Қазақстан Республикасы ІІМ Өзіндік қауіпсіздік департаменті бастығының орынбасары;
2013 жылдың қаңтарынан 2019 жылдың шілде аралығында Қазақстан Республикасы ІІМ Өзіндік қауіпсіздік департаментінің бастығы;
2019-2022 жылдары Қазақстан Республикасы ІІМ Экстремизмге қарсы іс-қимыл департаментінің бастығы
Үйленген, үш бала тәрбиелеуде.
ІІО-да қызмет атқару кезеңінде екінші дәрежелі мемлекеттік «Айбын» орденімен, ІІМ Құрмет грамоталарымен және грамоталарымен, «ІІМ-нің еңбек сіңірген қызметкері», «ІІМ-дегі үздік қызметі үшін» омырау белгілерімен, «Ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесі үшін», Бірінші, екінші және үшінші дәрежедегі «ІІМ-дегі мінсіз қызметі үшін», «Құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуде үздік шыққаны үшін», «ІІО-ның ардагері», «Қазақстан полициясына 15, 20 және 25 жыл» медальдарымен, «Астана қаласына 10 және 20 жыл», «Конституцияға 10 жыл», «Қазақстан Тәуелсіздігіне 20 және 25 жыл» және т.б. мерейтой медальдарымен марапатталған.
Айбар ОЛЖАЕВ
Қаржы саласының маманы
Жоғары пайыз бен нақты көлем: Экономикадағы басты айырмашылық
Қазбек МАЙГЕЛДИНОВ
Саясаттанушы
Қазақстан-Түрікменстан: Каспий арқылы көлік және логистика бағыттары кеңейеді
Айбар ОЛЖАЕВ
Қаржы саласының маманы
«АҚШ-тың Қазақстанға салған баж салығы ел экономикасына әсер етпейді...»
Нұрсұлтан ЕРБОЛАТҰЛЫ
Қаржы сарапшысы
«Миграция және рубль: Экономиканы тіреп тұрған сыртқы табыс» -
1Енді ақша жіберу үшін тек телефон нөмірі жеткілікті365022"40 жылда болмаған жағдай": Алтын мен күміс күрт құлдырады192263"Ұстап алып, бұрышқа қарай сүйреген": Шымкентте қыз балаға шабуыл жасаған жасөспірім ұсталды187394Ақпан айында күн қандай болады? Синоптиктер ауа райы болжамын жаңартты137045Ақпанда жаңбыр жауды: Алдағы күндері ауа райы қандай болады?12311