Ораз Серікбай Сатыбалдыұлы
1851
Қазіргі лауазымы: ҚМДБ жанындағы Республикалық имамдардың білімін жетілдіру ислам институтының директоры
Туған жылы: 1975 жылы 12-сәуірде дүниеге келген.
Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған.
1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.
1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген.
2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университетінің "Менеджмент" мамандығы бойынша магистратурасын бітіріп, экономика ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін алған.
2014-2016 жылдары "Нұр Мүбəрак" университетінің Исламтану мамандығы бойынша магистрі академиялық дәрежесін алған.
Алматы мешітінің наиб имамы;
Ислам институтының ұстазы;
Ислам институтының ректоры;
Астана қаласы Ақмола облысының өкіл имамы;
ҚМДБ-төрағасының орынбасары, наиб мүфти;
Алматы әкімшілігінің діни бөлімінің сектор меңгерушісі;
ОҚО. Сарыағаш ауданының Бас имамы;
Мемлекеттік қызмет агенттігінің аға қызметкері;
Астана қаласы Әділет департаменті діни істер бөлімінің бас маманы;
ҚР Президенті іс басқармасының Әкімшілік ғимараттар дирекциясының директоры болып жұмыс істеді.
Қажылыққа барған. 2011-2013 жылдары Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қостанай облысының өкіл имамы қызметін атқарды.
2013 жылы наиб мүфти болып тағайындалды.
2013 жылдың қазан айында «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы және наиб мүфти болып қызмет атқарды.
2017-2020 жылдары Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти:
2020 жылдың 6 наурызынан бастап ҚМДБ жанындағы Республикалық имамдардың білімін жетілдіру ислам институтының директоры болып тағайындалды.
Жанұялы 7 баласы бар.
Айбар ОЛЖАЕВ
Қаржы саласының маманы
Жоғары пайыз бен нақты көлем: Экономикадағы басты айырмашылық
Қазбек МАЙГЕЛДИНОВ
Саясаттанушы
Қазақстан-Түрікменстан: Каспий арқылы көлік және логистика бағыттары кеңейеді
Айбар ОЛЖАЕВ
Қаржы саласының маманы
«АҚШ-тың Қазақстанға салған баж салығы ел экономикасына әсер етпейді...»
Нұрсұлтан ЕРБОЛАТҰЛЫ
Қаржы сарапшысы
«Миграция және рубль: Экономиканы тіреп тұрған сыртқы табыс» -
1Енді ақша жіберу үшін тек телефон нөмірі жеткілікті365072"40 жылда болмаған жағдай": Алтын мен күміс күрт құлдырады192283"Ұстап алып, бұрышқа қарай сүйреген": Шымкентте қыз балаға шабуыл жасаған жасөспірім ұсталды187424Ақпан айында күн қандай болады? Синоптиктер ауа райы болжамын жаңартты137055Ақпанда жаңбыр жауды: Алдағы күндері ауа райы қандай болады?12335