Өксікбаев Омархан
1383
Қазіргі лауазымы: «Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы Директорлар кеңесінің төрағасы
Туған жылы: 1954 жыл 22 желтоқсан
Туған жері: Алматы облысы Балқаш ауданы Көктал ауылында дүниеге келген.
Білімі: 1975 жылы Алматы халық шаруашылығы институтын «экономист» мамандығы бойынша бітірді.
1991 жылы Францияда (Парижде) «Нарықтық экономикадағы аудиторлық қызмет» мамандығы бойынша білім алды.
Экономика ғылымдарының докторы.
1975 – 1976 жылдары – Алматы облыстық қаржы басқармасында аға экономист.
1976 – 1977 жылдары ГДР-дағы Кеңес әскерлері тобының құрамында әскери қызмет атқарды.
1977 – 1979 жылдары – Алматы облыстық қаржы басқармасында аға экономист.
1979 – 1984 жылдары – Алматы облысы Балқаш ауданының «Тыңға 25 жыл» кеңшарында бас экономист, Алматы облыстық суармалы жерлерді игеру басқармасының жоспарлау-экономика бөлімінің бастығы.
1984 – 1992 жылдары – ҚР Қаржы министрлігінің аға бақылаушы-тексерушісі, бас бақылаушы-тексерушісі, ұйымдастырушылық-инспекторлық бөлімінің бастығы, басқарма бастығының орынбасары.
1992 – 1996 жылдары – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қаржылық бақылау комитетінің басқарма бастығы, алқа мүшесі.
1996 жылғы ақпан – сәуір айлары аралығында – ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекетаралық қатынастар басқармасының бастығы.
1996 – 1998 жылдары – Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшесі.
1998 – 2000 жылдары – Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі мемлекеттік комиссиясының мүшесі.
2000 – 2002 жылдары – ҚР Қауіпсіздік Кеңесі Хатшысының орынбасары.
2002 жылғы ақпан айынан бастап – ҚР Президенті Әкімшілігінің Бас бақылау инспекциясының басшысы.
2002 жылғы шілде – 2003 жылғы маусым аралығында – Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы.
2003 – 2012 жылдары – Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің Төрағасы.
2012 жылғы қыркүйек – 2016 жылғы қаңтар - бесінші шақырылған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Nu Otan Халықтық-Демократиялық партиясының мүшесі, партиялық тізім бойынша сайланған.
2016 жылғы наурыз айынан бастап 2020 жылға дейін – алтыншы шақырылған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты қызметін атқарды.
«Құрмет» орденімен (2004), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001), «Тыңға 50 жыл» (2004), «Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл» (2005), «Қазақстан Республикасының Парламентіне 10 жыл» (2006), «Астананың 10 жылдығы» (2008), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» (2011) мерекелік медальдарымен, III дәрежелі «Қаржы сақшысы» ведомстволық медалімен (2011), «Парасат» орденімен (2012), II дәрежелі «Қаржы сақшысы» ведомстволық медалімен (2012), I дәрежелі «Қаржы сақшысы» ведомстволық медалімен (2014) марапатталған.
Қазбек МАЙГЕЛДИНОВ
Саясаттанушы
Қазақстан-Түрікменстан: Каспий арқылы көлік және логистика бағыттары кеңейеді
Айбар ОЛЖАЕВ
Қаржы саласының маманы
«АҚШ-тың Қазақстанға салған баж салығы ел экономикасына әсер ептейді...»
Нұрсұлтан ЕРБОЛАТҰЛЫ
Қаржы сарапшысы
«Миграция және рубль: Экономиканы тіреп тұрған сыртқы табыс»
Қазбек МАЙГЕЛДИНОВ
Саясаттанушы
«5-ші, 6-шы, 2-ші РЕСПУБЛИКА ұғымдары туралы» -
1“Қыз өзі кінәлі”, “Маған қатысы жоқ”: Зорлық құрбаны болған заңгермен сұқбат9572Экономист болжамы: Теңге күшін сақтап қала ма?6653Ауа райы күрт нашарлайды: 5 желтоқсанда Қазақстанда боран соғады6354Ипотека, автонесие, салық: Нарықты не күтіп тұр?5455Әзербайжан 2026 жылы Армениямен бейбіт келісімге қол қоюды жоспарлап отыр531
-
12026 жылы зейнетақы жинағынан қанша теңге шығарып алуға болады?1575021 желтоқсаннан бастап заң бұзған жүргізушілер айыппұл төлейді94603Алдағы үш күнде Астана мен Алматыда ауа райы қандай болады?80874Экономист болжамы. Жаңа жылда доллар қанша болады?7517515-20 мың теңге: Ет бағасы тағы өзгеруі мүмкін бе?6480