Нұрбек Саясат
1373
Қазіргі қызметі: ҚР Ғылым және жоғары білім министрі
1981 жылы 18 мамырда Семей қаласында дүниеге келген.
Маршаллтаун колледжін (АҚШ) саясаттану мамандығы бойынша бітірді, Еуразия ұлттық университеті. Л.М. Гумилев «Халықаралық құқық» мамандығы бойынша, Ла Сапиенца (Италия) университеті геополитика магистрі дәрежесінде, «Көкше» академиясы психология бакалавры.
АҚШ, Сингапур, Бельгия, Жапония, Голландияда тағылымдамадан және біліктілікті арттыру курстарынан өтті.
2000-2001 жылдары, Конгрессмен Марк Смит көмекшіcі (АҚШ), Айова штатының Үкіметінде (АҚШ) қызмет атқарған.
2002-2004 жылдары, Қазақстанның жастар саясатының іске асырылуына белсенді қатысты.
2006-2009 жылдары «Қазына» тұрақты даму қоры» АҚ инвестициялық жобалар саласында жұмыс істеді, Президент Әкімшілігінің Кадр саясаты секторының меңгерушісі, Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының халықаралық ынтымақтастық және ғылым жөніндегі Проректоры, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ департамент директоры, кадр саясаты және басқару жөніндегі атқарушы директор болып қызмет атқарды.
2009 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік саясаттың ұлттық мектебінің директоры болып тағайындалды.
2010 жылдың қараша айынан 2013 жылдың қыркүйегіне дейін Білім және ғылым министрлігінің «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Президенті.
2013-2015 жылдары «Нұр Отан» партиясының Қоғамдық Саясат Институтының директоры болып жұмыс істеді.
2015-2016 жылдары Алматы қаласы Әкімдігі ішкі саясат басқармасы бастығының міндетін атқарушы.
2016 жылдың шілдесінен бастап Астана Халықаралық Қаржы Орталығының басқарушы директоры, Басқарма мүшесі болып тағайындалды.
2019-2022ж.ж. National Geographic Kazakhstan ізгі елшіcі, BTS Education компаниясының басшысы.
Саясат Нұрбек Мәжіліс депутаттығына ұсынылып, 2022 жылы 2 наурыз күні Мәжілістің жалпы отырысында жаңа депутат Саясат Нұрбек міндетін адал атқаруға ант берген еді.
2022 жылы 11 маусымнан бастап ҚР Ғылым және жоғары білім министрі
Мемлекеттік сыйлықтары: - «Ерен еңбегі үшін» медалі, «Қазақстан астанасының 20 жылдығы» медалімен, ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған медалімен, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Заң факультетінің 15 жылдығына арналған мерейтойлық медалімен, Қазақ гуманитарлық-құқықтық университеті «Құрмет белгісі» 20 жылдығына арналған мерейтойлық медалімен, KATEV халықаралық қорының 20 жылдығына арналған мерейтойлық медальмен марапатталған. ҚР Президентінің, ҚР Премьер-Министрінің алғыс хаттары, Nur Otan төрағасының бірінші орынбасары, Америка Құрама Штаттарының Білім және Мәдениет жөніндегі Хатшының алғыс хаттарымен марапатталған.
Қазақ, орыс, ағылшын, түрік, итальян, испан, жапон және латын тілдерінде сөйлейді.
Үйленген. Үш баласы бар.
Қазбек МАЙГЕЛДИНОВ
Саясаттанушы
Қазақстан-Түрікменстан: Каспий арқылы көлік және логистика бағыттары кеңейеді
Айбар ОЛЖАЕВ
Қаржы саласының маманы
«АҚШ-тың Қазақстанға салған баж салығы ел экономикасына әсер ептейді...»
Нұрсұлтан ЕРБОЛАТҰЛЫ
Қаржы сарапшысы
«Миграция және рубль: Экономиканы тіреп тұрған сыртқы табыс»
Қазбек МАЙГЕЛДИНОВ
Саясаттанушы
«5-ші, 6-шы, 2-ші РЕСПУБЛИКА ұғымдары туралы» -
12026 жылғы 1 қаңтардан бастап әлеуметтік төлемдер өседі80322026 жылғы қаңтарда 12 күн демалыс: Қазақстандықтар қалай демалады?5503Мереке күндері жұмыс істегендерге екі есе төлем беріледі4394АҚШ Венесуэла жағалауында тағы бір танкерді басып алды4235Ақтөбе облысында қала әкімі өз-өзіне қол жұмсады422
-
12026 жылдан бастап ажырасу, паспорт пен жүргізуші куәлігін жасату қымбаттайды644502Қайтыс болған адамның зейнетақы жинақтары қайда кетеді2964332026 жылы бала туған аналарға қанша теңгеден төленеді?2435642026 жылы зейнетақы жинағынан қанша теңге шығарып алуға болады?181655Қазақстанда Жаңа жылға орай кімдерге әлеуметтік төлемдер берілетіні белгілі болды17268