Ғалиева Дина Төлеубекқызы
1547
Қазіргі лауазымы: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары
- Туған жылы: 1963 жылғы 7 тамыз
- Туған жері: Жамбыл облысының Шолақтау ауылында дүниеге келген.
- Білімі: 1984 жылы Алматы халық шаруашылығы институтын қаржы және кредит мамандығы бойынша бітірген.
Д.Т. Ғалиева еңбек қызметін 1984 жылы тамызда Алматы қалалық атқару комитеті Дәріхана басқармасының Ленин аудандық Орталық дәріханасы орталық аудандық бухгалтериясының аға экономисі болып бастаған.
1988 жылғы қарашадан бастап 1992 жылғы наурыз аралығында Алматы қалалық «Фармация» өндірістік бірлестігі жоспарлау-экономика бөлімінің бухгалтері, аға экономисі, бастығының міндетін атқарушы болып жұмыс істеген.
1995 жылғы шілдеге дейін «Фармация» мемлекеттік акционерлік холдинг компаниясының жоспарлау-қаржы бөлімінің экономикалық мәселелер жөніндегі бас маманы, бастығы, экономика бөлімі бастығының орынбасары, баға белгілеу және экономикалық болжау бөлімінің бастығы лауазымдарын атқарған.
1995 жылғы шілде – 2005 жылғы шілде аралығындағы кезеңде Д.Т. Ғалиева Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде түрлі қызметтерде жұмыс істеді, оның ішінде Бухгалтерлік есеп және бюджет департаменті бюджетті жоспарлау басқармасының бастығы (1995 – 1997 жж.),
Бюджетті жоспарлау және бақылау басқармасының бастығы (1997–2002 жж.),
Қызметкерлермен жұмыс жүргізу департаментінің директоры (2002–2005 жж.) болды.
2005 жылғы шілдеден бастап 2009 жылғы наурыз аралығында «Қазақстан Халық Банкі» ЖЗҚ» АҚ Басқарма Төрағасының кеңесшісі, Төрағасының бірінші орынбасары лауазымдарын атқарды.
БЖЗҚ Директорлар кеңесінің төрағасы (09.2014-02.2015)
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары (02.2015-04.2020)
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Алматы қаласындағы өкілдігінің басшысы (06.2020-04.2021)
Айбар ОЛЖАЕВ
Қаржы саласының маманы
Жоғары пайыз бен нақты көлем: Экономикадағы басты айырмашылық
Қазбек МАЙГЕЛДИНОВ
Саясаттанушы
Қазақстан-Түрікменстан: Каспий арқылы көлік және логистика бағыттары кеңейеді
Айбар ОЛЖАЕВ
Қаржы саласының маманы
«АҚШ-тың Қазақстанға салған баж салығы ел экономикасына әсер етпейді...»
Нұрсұлтан ЕРБОЛАТҰЛЫ
Қаржы сарапшысы
«Миграция және рубль: Экономиканы тіреп тұрған сыртқы табыс» -
1Енді ақша жіберу үшін тек телефон нөмірі жеткілікті365072"40 жылда болмаған жағдай": Алтын мен күміс күрт құлдырады192283"Ұстап алып, бұрышқа қарай сүйреген": Шымкентте қыз балаға шабуыл жасаған жасөспірім ұсталды187424Ақпан айында күн қандай болады? Синоптиктер ауа райы болжамын жаңартты137055Ақпанда жаңбыр жауды: Алдағы күндері ауа райы қандай болады?12341