Қазанбаев Ержан Қалдыбайұлы
1030
Қазіргі қызметі: ҚР Сауда және интеграция министрлігінің Сауда комитетінің төрағасы
Ержан Қазанбаев 1983 жылы Алматы облысында дүниеге келген.
Алматы технологиялық университетін, Абердин университетін бітірген.
Еңбек жолын 2008 жылы «Экспресс Банк» АҚ-да комплаенс-бақылаушы болып бастаған.
Сондай-ақ коммерциялық құрылымдарда жұмыс істеді.
2010-2012 жылдары — ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Инвестициялық саясат департаментінің Инвестициялық саясат басқармасы сарапшысының м. а., сарапшысы.
2012-2013 жылдары — ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігінің Кәсіпкерлікті қаржылық қолдау басқармасының басшысы.
2013 жылы — Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Мемлекет міндеттемелерін басқару және қаржы секторын дамыту саясаты департаменті мемлекет міндеттемелерін басқару саясаты басқармасының басшысы.
2013-2016 жылдары — Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Экономика салаларын дамыту департаменті директорының орынбасары.
2016-2019 жылдары — ҚР Ұлттық экономика министрлігі Экономика салаларын дамыту департаментінің директоры.
2020 жылғы желтоқсаннан 2022 жылғы қаңтарға дейін ҚР сауда және интеграция вице-министрі қызметін атқарды.
2022 жылғы 15 қаңтарда ҚР Сауда және интеграция министрлігінің Сауда комитетінің төрағасы болып тағайындалды.
Айбар ОЛЖАЕВ
Қаржы саласының маманы
Жоғары пайыз бен нақты көлем: Экономикадағы басты айырмашылық
Қазбек МАЙГЕЛДИНОВ
Саясаттанушы
Қазақстан-Түрікменстан: Каспий арқылы көлік және логистика бағыттары кеңейеді
Айбар ОЛЖАЕВ
Қаржы саласының маманы
«АҚШ-тың Қазақстанға салған баж салығы ел экономикасына әсер етпейді...»
Нұрсұлтан ЕРБОЛАТҰЛЫ
Қаржы сарапшысы
«Миграция және рубль: Экономиканы тіреп тұрған сыртқы табыс» -
1Енді ақша жіберу үшін тек телефон нөмірі жеткілікті365072"40 жылда болмаған жағдай": Алтын мен күміс күрт құлдырады192283"Ұстап алып, бұрышқа қарай сүйреген": Шымкентте қыз балаға шабуыл жасаған жасөспірім ұсталды187424Ақпан айында күн қандай болады? Синоптиктер ауа райы болжамын жаңартты137055Ақпанда жаңбыр жауды: Алдағы күндері ауа райы қандай болады?12335