Бисенқұлов Берік Байболұлы
2145
Қазіргі лауазымы:
Әлеуметтік желіде:
- Туған жылы: 01.10.1963 жыл
- Туған жері: Гурьев облысының Доссор кентінде дүниеге келді.
- Білімі: 1985 жылы В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын,
- 1994 жылы Қазақстан Республикасы ІІМ-нің Қарағанды жоғары мектебін тәмамдады.
Құқық қорғау органдарындағы қызметін 1986 жылдан бастап Маңғышлақ облисполкомының ІІБ МАИ бөлімінің жол қадағалау инженері болып бастады.
1986-2001 жылдары аралығында – Маңғышлақ облысының ІІБ-де, сондай-ақ Алматы қаласының БІІБ-де әртүрлі басшы лауазымдарды атқарды.
2001-2003 жылдары аралығында – Алматы қаласының БІІБ Жол полициясы басқармасының бастығы.
2003-2007 жылдары аралығында – Алматы қаласының ІІД бастығының орынбасары.
2007-2009 жылдары аралығында – Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің кеңесшісі.
2009-2010 жылдары аралығында – Алматы облысының ІІД бастығының орынбасары.
2010-2011 жылдары аралығында – Көліктегі ІІД бастығының орынбасары.
2011-2013 жылдары аралығында – Қазақстан Республикасы ІІМ Жол полициясы комитетінің төрағасы.
2013-2014 жылдары аралығында – Қазақстан Республикасы ІІМ Көліктегі ішкі істер департаментінің бастығы.
2014 жылғы 12 тамыздан бастап – Қазақстан Республикасы ішкі істер министрінің орынбасары.
2019 жылдың 30 қаңтарында Мемлекет басшысының Өкімімен Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары қызметінен босатылды
Мынадай мемлекеттік наградалармен: 2-ші дәрежелі "Данқ" Орденімен, "Қазақстан Республикасының Конституциясына 20 жыл", "Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл", "Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл", "Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының ардагері" медальдарымен, "ІІМ-нің еңбек сіңірген қызметкері» төс белгісімен және ведомстволық наградалармен марапатталды.
Полиция генерал-майоры
Айбар ОЛЖАЕВ
Қаржы саласының маманы
Жоғары пайыз бен нақты көлем: Экономикадағы басты айырмашылық
Қазбек МАЙГЕЛДИНОВ
Саясаттанушы
Қазақстан-Түрікменстан: Каспий арқылы көлік және логистика бағыттары кеңейеді
Айбар ОЛЖАЕВ
Қаржы саласының маманы
«АҚШ-тың Қазақстанға салған баж салығы ел экономикасына әсер етпейді...»
Нұрсұлтан ЕРБОЛАТҰЛЫ
Қаржы сарапшысы
«Миграция және рубль: Экономиканы тіреп тұрған сыртқы табыс» -
1Енді ақша жіберу үшін тек телефон нөмірі жеткілікті365072"40 жылда болмаған жағдай": Алтын мен күміс күрт құлдырады192283"Ұстап алып, бұрышқа қарай сүйреген": Шымкентте қыз балаға шабуыл жасаған жасөспірім ұсталды187424Ақпан айында күн қандай болады? Синоптиктер ауа райы болжамын жаңартты137055Ақпанда жаңбыр жауды: Алдағы күндері ауа райы қандай болады?12335