Әбілқасымова Мәдина Ерасылқызы
2795
Қазіргі лауазымы: Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы
Әлеуметтік желілерде расталған аккаунттары (негіздеме: )
- Туған жылы: 1978 жыл 1 тамыз
- Туған жері: Алматы қаласы
- Білімі: 1999 жылы «Халықаралық экономикалық қатынас» мамандығы бойынша Қазақ мемлекеттiк басқару академиясын тәмамдаған.
- 2002 жылы Колумбия университетін тәмамдап, «Экономикалық саясатты басқару» мамандығы бойынша халықаралық қатынастар магистрі дәрежесін алды.
- 2011 жылы Кеннеди Гарвард атындағы мемлекеттік басқару мектебін тәмамдап, мемлекеттік басқару магистрі дәрежесін алды.
1999 жылдан 2001 жылға дейін – Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау жөніндегі агенттігінің бас маманы.
2003 жылдан 2004 жылға дейін - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі стратегиялық жоспарлау басқармасының бас маманы, басшы.
2004 жылдан 2006 жылға дейін – Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі "Маркетингтiк-талдау зерттеулер орталығы" акционерлiк қоғамы мемлекеттік саясатты талдау департементінің директоры.
2006 жылдан 2008 жылға дейін – Қазақстан Республикасы Премьер-министрі Кеңсесі Әлеуметтік-экономикалық бөлімі меңгерушісінің орынбасары.
2011 жылдан 2013 жылға дейін – Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда вице-министрі.
2012 жылдан бері Қазақстанның Дүниежүзілік банктегі Басқарушысының орынбасары.
2013 жылдан 2014 жылға дейін – Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі.
2014 жылдан 2018 жылға дейін – Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министрі.
2018 жылы ақпаннан бастап – Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі.
2019 жылы ҚР Ұлттық эканомика вице-министрі
2019 жылыҚР Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары
2019 жылдың желтоқсанынан Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы қызметіне тағайындалды
Өзге де қызметі: «Экономикалық зерттеулер институты» акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің төрайымы (2011 жылғы қыркүйек- 2013 жылғы мамыр);
Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөнiндегi ұлттық комиссияның мүшесі (2014 жылғы желтоқсаннан бастап) "Зерде" ұлттық инфокоммуникация холдингі" акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің мүшесі (2016 жылғы желтоқсан - 2018 жылғы ақпан).
Марапаттары: медальдары «Ерен еңбегі үшін», «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл», ІІ дәрежелі «Еуразиялық экономикалық одақты құруға қосқан үлесі үшін», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл», «Құрмет» ордені.
Айбар ОЛЖАЕВ
Қаржы саласының маманы
Жоғары пайыз бен нақты көлем: Экономикадағы басты айырмашылық
Қазбек МАЙГЕЛДИНОВ
Саясаттанушы
Қазақстан-Түрікменстан: Каспий арқылы көлік және логистика бағыттары кеңейеді
Айбар ОЛЖАЕВ
Қаржы саласының маманы
«АҚШ-тың Қазақстанға салған баж салығы ел экономикасына әсер етпейді...»
Нұрсұлтан ЕРБОЛАТҰЛЫ
Қаржы сарапшысы
«Миграция және рубль: Экономиканы тіреп тұрған сыртқы табыс» -
1Енді ақша жіберу үшін тек телефон нөмірі жеткілікті365072"40 жылда болмаған жағдай": Алтын мен күміс күрт құлдырады192283"Ұстап алып, бұрышқа қарай сүйреген": Шымкентте қыз балаға шабуыл жасаған жасөспірім ұсталды187424Ақпан айында күн қандай болады? Синоптиктер ауа райы болжамын жаңартты137055Ақпанда жаңбыр жауды: Алдағы күндері ауа райы қандай болады?12335