Беккер Владимир Робертович
2466
Қазіргі лауазымы: Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару жұмыстары қызметі республикалық орталық штабының бас директоры
- Туған жылы:18.10.1965 жыл
- Туған жері: Семей облысы Үржар ауданы Благодатное ауылы
- Білімі жоғары, 1997 жылы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Алматы жоғары техникалық училищесін «Өрт қауіпсіздігі» мамандығы бойынша аяқтады.
- 2005 жылы Шығыс Қазақстан өңірлік университетін «Заңтану» мамандығы бойынша аяқтады.
1983 жылғы қараша мен 1985 жылғы желтоқсан аралығында КСРО Қарулы Күштерінде қызмет өткерді.
Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарында 1986 жылғы қазаннан бастап қызмет атқарады.
1988 жылдан бастап 1991 жыл аралығында мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарында орта және аға басшы құрамда әртүрлі лауазымдар атқарды.
1991 жылғы желтоқсаннан бастап 2008 жылғы қыркүйек аралығында мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарында басшылық лауазымдарды атқарды.
2008 жылғы қазаннан бастап – Қазақстан Республикасы ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитеті төрағасының орынбасары.
2014 жылғы қазаннан бастап - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті төрағасының орынбасары.
2016 жылғы қаңтардан бастап - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы.
2021 жылдан бері Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару жұмыстары қызметі республикалық орталық штабының бас директоры
ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен, «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалімен, І, ІІ, ІІІ дәрежелі «Өртке қарсы қызмет органдарындағы мінсіз қызмет үшін», «Төтенше жағдайлардың алдын алуда және жоюда үздік шыққаны үшін», «Төтенше жағдайлар органдарының ардагері» медальдарымен, «Отличник противопожарной службы», «Төтенше жағдайлар органдарының құрметті қызметкері» төс белгілерімен марапатталды.
Қазбек МАЙГЕЛДИНОВ
Саясаттанушы
Қазақстан-Түрікменстан: Каспий арқылы көлік және логистика бағыттары кеңейеді
Айбар ОЛЖАЕВ
Қаржы саласының маманы
«АҚШ-тың Қазақстанға салған баж салығы ел экономикасына әсер ептейді...»
Нұрсұлтан ЕРБОЛАТҰЛЫ
Қаржы сарапшысы
«Миграция және рубль: Экономиканы тіреп тұрған сыртқы табыс»
Қазбек МАЙГЕЛДИНОВ
Саясаттанушы
«5-ші, 6-шы, 2-ші РЕСПУБЛИКА ұғымдары туралы» -
1Міндетті талап: Грузияға баратын шетелдіктер нені білуі тиіс32526 желтоқсанға арналған валюта бағамы жарияланды3203ЖИ және жұмыс: Жасанды интеллектінің дамуы әйелдер мен жастар арасында жұмыссыздықты арттыруы мүмкін – БҰҰ3044ФИФА-ның жаңа бейбітшілік сыйлығы АҚШ президенті Дональд Трампқа табысталды2895Тараз бен Шымкент тұрғындары жер сілкінісін сезді271
-
12026 жылы зейнетақы жинағынан қанша теңге шығарып алуға болады?1597421 желтоқсаннан бастап заң бұзған жүргізушілер айыппұл төлейді94943Алдағы үш күнде Астана мен Алматыда ауа райы қандай болады?81354Экономист болжамы. Жаңа жылда доллар қанша болады?7870515-20 мың теңге: Ет бағасы тағы өзгеруі мүмкін бе?6531