Баймұхан Марғұлан Бақытұлы
3268
Соңғы лауазымы: Қазақстан Республикасының Бельгия Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі, Еуропа Одағының жанындағы және Солтүстік Атлант Шарты ұйымындағы (НАТО) Қазақстан Республикасы Өкілдігінің Басшысы
Туған жылы: 1974 жылғы 6 қыркүйек
Туған жері: Алматы облысы
Білімі: Польшадағы Краков Экономикалық Университеті,
Ұлыбританияның Хертфордшир Университеті,
Канаданың Ванкувер Университетін бітірген.
II сыныпты Төтенше және Өкілетті Уәкіл дипломатиялық дәрежесі бар.
Поляк, неміс және ағылшын тілдерін меңгерген.
Өз еңбек жолын "Daewoo Electronics" компаниясындағы маркетинг және коммерция мәселелері жөніндегі менеджер ретінде бастаған.
1997 жылы Польшада "River System Ltd." компаниясының экспорт бөлімінің маманы, кеңесшісі, аймақтық директоры (Оңтүстік Кавказ және Орталық Азия елдері) ретінде жұмыс істеді.
Дипломатиялық мансабын 1999 жылдан бастап, Халықаралық экономикалық ынтымақтастық департаментінің атташесі, үшінші хатшысы болып жұмыс істеді. Әрі қарай Қазақстанның Польшадағы елшілігінде атташе-консул, үшінші және екінші хатшы қызметтерін атқарды.
2005 жылдан 2007 жылға дейін СІМ-де ТМД істері департаментінің халықаралық ұйымдар бөлімінің, Әскери-саяси ынтымақтастық бөлімінің кеңесшісі, басшысы болды.
2007 жылдан 2013 жылға дейін Польшадағы Қазақстан елшілігіне кеңесші және кеңесші-уәкіл ретінде қайта жіберілді.
2013 жылдан бастап 2015 жылға дейін ҚР СІМ Сыртқы саяси талдау және болжау комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалады.
2017 жылы Қазақстанның Польшадағы елшісі
2019 жылдың желтоқсанынан ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды
2021 жылдың 19 сәуірінде Сыртқы істер министрінің орынбасары лауазымынан босатылды
2021 жылдан бері Қазақстан Республикасының Бельгия Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі, Еуропа Одағының жанындағы және Солтүстік Атлант Шарты ұйымындағы (НАТО) Қазақстан Республикасы Өкілдігінің Басшысы
Айбар ОЛЖАЕВ
Қаржы саласының маманы
Жоғары пайыз бен нақты көлем: Экономикадағы басты айырмашылық
Қазбек МАЙГЕЛДИНОВ
Саясаттанушы
Қазақстан-Түрікменстан: Каспий арқылы көлік және логистика бағыттары кеңейеді
Айбар ОЛЖАЕВ
Қаржы саласының маманы
«АҚШ-тың Қазақстанға салған баж салығы ел экономикасына әсер етпейді...»
Нұрсұлтан ЕРБОЛАТҰЛЫ
Қаржы сарапшысы
«Миграция және рубль: Экономиканы тіреп тұрған сыртқы табыс» -
1Енді ақша жіберу үшін тек телефон нөмірі жеткілікті365072"40 жылда болмаған жағдай": Алтын мен күміс күрт құлдырады192283"Ұстап алып, бұрышқа қарай сүйреген": Шымкентте қыз балаға шабуыл жасаған жасөспірім ұсталды187424Ақпан айында күн қандай болады? Синоптиктер ауа райы болжамын жаңартты137055Ақпанда жаңбыр жауды: Алдағы күндері ауа райы қандай болады?12335