Байболов Мақсат Қайдошұлы
2147
Қазіргі лауазымы:
Туған жылы: 1965 жылғы 22 сәуір
Туған жері: Шығыс Қазақстан облысы Катон-Қарағай ауданы Согорное ауылында туған.
Білімі: 2001 жылы Орталық Азия университетін бітірді. Диплом бойынша біліктілігі: заңгер.
1983 жылғы маусым - 1985 жылғы мамыр аралғында – КСРО ІІМ Ішкі әскерінде қызмет өткерген.
1992 мамыр - 1993 жылғы наурыз аралғында – Өскемен қаласының «Казтяжпромарматура» өндірістік бірлестігінде жұмыс істеді.
1993 жылғы наурыз 1999 жылғы тамыз аралғында – Шығыс Қазақстан облысы ІІБ қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз ету бөлімі бастығының орынбасары болып қызмет атқарды.
1999 жылғы қыркүйек 2001 жылғы маусым аралғында – Орталық Азия университетінде оқыды.
1999 жылғы тамыз 2004 жылғы желтоқсан аралығында – Қазақстан Республикасы ІІМ Қоғамдық қауіпсіздік департаменті табиғатты қорғау полициясы басқармасы бастығының орынбасары, бөлім бастығы.
2004 жылғы желтоқсан - 2010 жылғы желтоқсан аралығында – Қазақстан Республикасы ІІМ Әкімшілік полиция комитеті лицензиялау-рұқсат беру жұмысы басқармасы бастығының орынбасары.
2010 жылғы желтоқсан - 2016 жылғы қазан аралығында – Қазақстан Республикасы ІІМ Әкімшілік полиция комитеті азаматтық және қызметтік қару айналымын бақылау басқармасының бастығы.
2016 жылғы қазан - 2019 жылғы сәуір аралығында – Қазақстан Республикасы ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары, бірінші орынбасары.
2019-2020 жылдары Қазақстан Республикасы ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы.
Қызметте қол жеткізген жетістіктері үшін Ішкі істер министрлігінің басшылығы бірнеше рет марапаттады, оның ішінде:
- 1, 2, 3-дәрежелі «Ішкі істер органдарындағы мінсіз қызметі үшін», «Құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуде үздік шыққаны үшін», «Құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін», «Қазақстан полициясына 20 жыл», «Астанаға 20 жыл» медальдерімен, «ІІМ-дегі үздік қызметі үшін» төс белгісімен.
Отбасылық жағдайы - үйленген, үш бала тәрбиелеп отыр.
Қазбек МАЙГЕЛДИНОВ
Саясаттанушы
Қазақстан-Түрікменстан: Каспий арқылы көлік және логистика бағыттары кеңейеді
Айбар ОЛЖАЕВ
Қаржы саласының маманы
«АҚШ-тың Қазақстанға салған баж салығы ел экономикасына әсер ептейді...»
Нұрсұлтан ЕРБОЛАТҰЛЫ
Қаржы сарапшысы
«Миграция және рубль: Экономиканы тіреп тұрған сыртқы табыс»
Қазбек МАЙГЕЛДИНОВ
Саясаттанушы
«5-ші, 6-шы, 2-ші РЕСПУБЛИКА ұғымдары туралы» -
1Міндетті талап: Грузияға баратын шетелдіктер нені білуі тиіс36726 желтоқсанға арналған валюта бағамы жарияланды3663ФИФА-ның жаңа бейбітшілік сыйлығы АҚШ президенті Дональд Трампқа табысталды3544ЖИ және жұмыс: Жасанды интеллектінің дамуы әйелдер мен жастар арасында жұмыссыздықты арттыруы мүмкін – БҰҰ3345Тараз бен Шымкент тұрғындары жер сілкінісін сезді315
-
12026 жылы зейнетақы жинағынан қанша теңге шығарып алуға болады?1601121 желтоқсаннан бастап заң бұзған жүргізушілер айыппұл төлейді94983Алдағы үш күнде Астана мен Алматыда ауа райы қандай болады?81454Экономист болжамы. Жаңа жылда доллар қанша болады?7948515-20 мың теңге: Ет бағасы тағы өзгеруі мүмкін бе?6538