Байбек Бауыржан Қыдырғалиұлы
5077
Қазіргі лауазымы:
Әлеуметтік желілерде: https://twitter.com/BauyrzhanBaibek
Туған жылы: 19.03.1974 жыл
Туған жері: Алматы қаласы
Білімі: «Болашақ» бағдарламасының түлегі. 3 жоғары білімі бар: педагогикалық, сыртқы экономикалық және музыкалық.
Қазақстан Республикасының Бас консулдығында және Қазақстан Республикасының Германия Федеративті Республикасы Елшілігінде дипломатиялық қызметте болды.
2002 жылдардан бастап Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігінде бірқатар қызметтерді атқарды.
2006 жылы – Қазақстан Республикасы Президенті Протоколының Бастығы.
2009 жылы – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары.
2013 жылдың қаңтарынан – «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары.
2015-2019 жылдары – Алматы қаласының әкімі
2019-2022 жылдары «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары.
І сыныпты Кеңесші дипломатиялық дәрежесі бар. Саяси ғылымдарының кандидаты.
2013 жылдан «Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесі бюросының мүшесі. Неміс және ағылшын тілдерін меңгерген.
«Құрмет» және «Парасат» ордендері, мерейтойлық медальдармен, Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хаттарымен марапатталған.
Қазақ тілінің дамуына қосқан үлесі үшін «Тіл жанашыры» құрмет белгісімен, ұлттық спорт түрлерінің дамуына қосқан үлесі үшін «Елімжан» төсбелгісімен марапатталған. «Ғалымдардың Еуразиялық экономикалық клубының» құрметті профессоры.
«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік протоколы» кітабы мен саясаттану ғылымының түрлі мәселелеріне арналған бірқатар мақалалардың авторы. «Президенттің бір жылы» кітабының екі басылымының құрастырушысы.
2008 жылдан 2015 жылға дейін Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы стипендиаттарының Қауымдастық Кеңесінің төрағасы.
2015 жылдың 6 наурызынан бастап – «Болашақ» Қауымдастығының Құрметті мүшесі, Кеңестің тұрақты мүшесі.
«Болашақ» корпоративтік қорының қамқоршылық кеңесінің төрағасы.
Қазбек МАЙГЕЛДИНОВ
Саясаттанушы
Қазақстан-Түрікменстан: Каспий арқылы көлік және логистика бағыттары кеңейеді
Айбар ОЛЖАЕВ
Қаржы саласының маманы
«АҚШ-тың Қазақстанға салған баж салығы ел экономикасына әсер ептейді...»
Нұрсұлтан ЕРБОЛАТҰЛЫ
Қаржы сарапшысы
«Миграция және рубль: Экономиканы тіреп тұрған сыртқы табыс»
Қазбек МАЙГЕЛДИНОВ
Саясаттанушы
«5-ші, 6-шы, 2-ші РЕСПУБЛИКА ұғымдары туралы» -
1Дональд Трамп Қасым-Жомарт Тоқаевқа Ақ үйдің символикалық кілтін сыйға тартты64222026 жылы зейнетақы мен жәрдемақы қаншаға өседі6253Дәрігерлер баланың басынан 5 жыл бұрын қадалған бұтақты алып шықты52742026 жылы салық декларациясын тапсыру ережелері жаңарады5195Tesla есіктеріндегі ақау кемінде 15 адамның өліміне себеп болды453
-
12026 жылдан бастап ажырасу, паспорт пен жүргізуші куәлігін жасату қымбаттайды646532Қайтыс болған адамның зейнетақы жинақтары қайда кетеді2974432026 жылы бала туған аналарға қанша теңгеден төленеді?2463042026 жылы зейнетақы жинағынан қанша теңге шығарып алуға болады?182445Қазақстанда Жаңа жылға орай кімдерге әлеуметтік төлемдер берілетіні белгілі болды17388