Қожамжаров Қайрат Пернешұлы
4323
Қазіргі лауазымы: ҚР Сенат депутаты
Туған жылы: 1965 жылы 24 наурызда
Туған жері: Жамбыл қаласында дүниеге келді.
Білімі: 1987 жылы Жданов атындағы Ленинград мемлекеттік университетін бітірді.
1987-2007 жылдар аралығында прокуратура органдарында, кеден қызметінде, қаржы полициясы органдарында қызмет етті.
2004-2007 жылдар аралығында Ақтөбе облысы бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес (қаржы полициясы) Департаментінің бастығы.
2007 жылдың қантар айынан 2008 жылдың желтоқсан айына дейін - Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) төрағасының орынбасары.
2008 жылдың желтоқсан айынан 2012 жылдың қаңтар айына дейін - Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясының) төрағасы.
2012-2013 жылдары – Ақмола облысының әкімі.
2013 жылғы қаңтардан 2014 жылғы тамыз айына дейін - Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы.
2014 жылдың 6 тамызында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы болып тағайындалды.
2015 жылғы 11 желтоқсанында Елбасының өкімімен Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының төрағасы болып тағайындалды.
2016 жылдың 13 қыркүйек айынан 2017 жылдың желтоқсан айына дейін - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы.
2017 жылдың 11 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры болып тағайындалды.
2019 жылдың наурыз айында Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры қызметінен босатылды.
2019 жылы наурызда Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болып тағайындалды
І және II дәрежелі «Даңқ» ордендерімен, «Қазақстан Конституциясына 10 жыл», «Астананың 10 жылдығы» медальдары және өзге де ведомстволық медальдармен марапатталған.
«Қазақстан Республикасының прокуратура органдарының еңбегі сіңген қызметкері» және «Қазақстан Республикасы прокуратурасының ең үздік тергеушісі» атақтарын иеленген.
Қаржы полициясының Генерал-майоры.
Қазбек МАЙГЕЛДИНОВ
Саясаттанушы
Қазақстан-Түрікменстан: Каспий арқылы көлік және логистика бағыттары кеңейеді
Айбар ОЛЖАЕВ
Қаржы саласының маманы
«АҚШ-тың Қазақстанға салған баж салығы ел экономикасына әсер ептейді...»
Нұрсұлтан ЕРБОЛАТҰЛЫ
Қаржы сарапшысы
«Миграция және рубль: Экономиканы тіреп тұрған сыртқы табыс»
Қазбек МАЙГЕЛДИНОВ
Саясаттанушы
«5-ші, 6-шы, 2-ші РЕСПУБЛИКА ұғымдары туралы» -
1Міндетті талап: Грузияға баратын шетелдіктер нені білуі тиіс33926 желтоқсанға арналған валюта бағамы жарияланды3373ФИФА-ның жаңа бейбітшілік сыйлығы АҚШ президенті Дональд Трампқа табысталды3254ЖИ және жұмыс: Жасанды интеллектінің дамуы әйелдер мен жастар арасында жұмыссыздықты арттыруы мүмкін – БҰҰ3135Тараз бен Шымкент тұрғындары жер сілкінісін сезді290
-
12026 жылы зейнетақы жинағынан қанша теңге шығарып алуға болады?1599521 желтоқсаннан бастап заң бұзған жүргізушілер айыппұл төлейді94963Алдағы үш күнде Астана мен Алматыда ауа райы қандай болады?81394Экономист болжамы. Жаңа жылда доллар қанша болады?7907515-20 мың теңге: Ет бағасы тағы өзгеруі мүмкін бе?6535