Қасымов Қалмұханбет Нұрмұханбетұлы
3803

Қазіргі лауазымы:
Туған жылы: 1957 жылдың 18 мамырында
Туған жері: Алматы облысы Іле ауданының Дмитриевка аулында туған.
Отбасы бар, үш бала тәрбиелеуде, сегіз немересі бар.
Білімі жоғары, 1979 жылы С.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірген, мамандығы «заңгер». Полиция генерал-полковнигі.
1979 жылдан бастап – тергеуші, аға тергеуші, тергеу бөлімінің бастығы, Алматы облысы ІІБ Іле аудандының ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары.
1988 жылдан бастап – Алматы облысы ІІБ-нің қоғамдық қауіпсіздік бөлімі бастығының орынбасары.
1989 жылдан бастап – Алматы облысы ІІБ Қапшағай ІІБ-нің бастығы.
1992 жылдан бастап – Алматы облысы ІІБ Криминалдық милиция басқармасының бастығы, Алматы облысы ІІБ бастығының бірінші орынбасары.
1997 жылдан бастап – Алматы қаласының ішкі істер бас басқармасының бастығы.
2003 жылдан бастап - Алматы облысы ішкі істер бас басқармасының, Ішкі істер департаментінің бастығы.
2005 жылдан бастап – Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің бірінші вице-министрі, вице-министрі.
2009 жылдан бастап – Шығыс Қазақстан облысы Ішкі істер департаментінің бастығы.
2011 жылдың сәуір айынан бастап, 2019 жылдың 12 ақпанына дейін – Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі.
2020-2021 жылдары Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы
Мемлекеттік наградалармен наградталған:
2-ші дәрежелі «Данқ» орденімен, «Астана» медалімен
"Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі үлесі үшін", "Құқық тәртібін қамтамасыз етуде үздік шыққаны үшін", "Қазақстан Конституциясына 10 жыл", "Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының ардагері", "Қазақстан Республикасының Парламентіне 10 жыл" мерейтой медальдарымен, «ІІМ-нің еңбек сіңірген қызметкері»
Қазбек МАЙГЕЛДИНОВ
Саясаттанушы
Қазақстан-Түрікменстан: Каспий арқылы көлік және логистика бағыттары кеңейеді
Айбар ОЛЖАЕВ
Қаржы саласының маманы
«АҚШ-тың Қазақстанға салған баж салығы ел экономикасына әсер ептейді...»
Нұрсұлтан ЕРБОЛАТҰЛЫ
Қаржы сарапшысы
«Миграция және рубль: Экономиканы тіреп тұрған сыртқы табыс»
Қазбек МАЙГЕЛДИНОВ
Саясаттанушы
«5-ші, 6-шы, 2-ші РЕСПУБЛИКА ұғымдары туралы» -
1Әзербайжан 2026 жылы Армениямен бейбіт келісімге қол қоюды жоспарлап отыр3842Италияның солтүстігінде тікұшақ апатқа ұшырап, бір адам қаза тапты3373Испания полициясы фермаларда құлдыққа түскен 300-ден астам шетелдікті босатты3124Семейде 25 мың орындық жаңа стадионның құрылысы басталды3115Eurovision – 2026: Израиль қатысатын болғандықтан, бірнеше ел байқауға бойкот жариялады254
-
12026 жылы зейнетақы жинағынан қанша теңге шығарып алуға болады?1041121 желтоқсаннан бастап заң бұзған жүргізушілер айыппұл төлейді93883Алдағы үш күнде Астана мен Алматыда ауа райы қандай болады?7944415-20 мың теңге: Ет бағасы тағы өзгеруі мүмкін бе?63625Қазақстанда мерзімінен бұрын қалай зейнетке шығуға болады?5851