Жаңалықтар
-
-
Павлодар облысының медициналық мекемелерінде жаңашыл жүйе дамуда
Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Ертіс өңіріндегі медициналық мекемелерде триж-жүйе дамып келеді. Келешекте бұл жаңашыл жүйе кез-келген аурухана мен емханада пайда болмақ.
18.02.2021
-
Университет мұғалімдерінің айлығы қанша?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Білім және ғылым министрлігі жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті директоры Әділет Тойбаев министрліктің аппарат отырысында университет оқытушыларының жалақы мөлшеріне жасалған талдаудың нәтижесін баяндап берді.
18.02.2021
-
Nur Otan сайлауалды міндеттемелерді іске асыру жоспарын бекітті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Nur Otan» партиясы сайлаудан кейінгі бір ай уақыт ішінде өзінің 216 сайлауалды бағдарламасын іске асыру бойынша Жол карталарын әзірледі. Биыл еліміздің солтүстік өңірінің тұрғындары үшін не істелетіні туралы партия Орталық аппаратының баспасөз қызметі хабарлады.
18.02.2021
-
Әшімбаев: Бұл мәселеде ашылмаған ащы ақиқаттар аз емес
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Біздің алдымызда тұрған ең негізгі міндет – Тәуелсіздікті нығайту. Ол үшін ұлттың тарихи санасын жаңғырту аса маңызды. ҚР Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев осылай деді.
18.02.2021
-
ЭКҰ үшін кімдер өтініш бере алады?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ЭКҰ-ға отбасылық жұптар да, жеке адам да қатыса алады, тек міндетті түрде үміткердің ерікті жазбаша келісімі болуы керек.
18.02.2021
-
Ресейде тағы бір вакцинаның сынағы басталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мәскеуде «Спутник Лайт» бір фазалық вакцинасының халықаралық клиникалық сынамасы басталды, деп жазды kursiv.kz.
18.02.2021
-
Алматыда ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған кітап көрмесі ашылды
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Мәдениет және спорт министрлігінің Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының фойесінде Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған құжаттық, экспозициялық және кітап көрмелері циклының ашылуы болды.
18.02.2021
-
Көкшетаулықтар ауыз су мәселесін тағы көтерді
Көкшетау, BAQ.KZ тілшісі. Көкшетаулықтар үшін ауыз су әлі де өзекті мәселе күйінде қалып отыр. Құбыр суы ішуге жарамсыз. Тұрғындардың ауыз суға қатысты сауалдарына Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев есеп беру кездесуі барысында жауап берді.
18.02.2021
-
Жануарларға қатыгездік үшін айыппұлды көбейту немесе бас бостандығынан айыру ұсынылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Жануарларға қатыгездік көрсеткені үшін айыппұлды 2000 АЕК-ке дейін ұлғайтуды немесе екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу түрінде жаза тағайындауды ұсынылды. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ЭГТРМ орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті жануарлар дүниесі және аңшылық шаруашылығы басқармасының бас сарапшысы Қуат Чумакаев айтты.
18.02.2021
-
Қаңғыбас жануарларды ату қаржылық жағынан тиімсіз
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Соңғы бес жылда қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулап, атуға жұмсалған қаржы бұл әдістің тиімсіз екенін көрсетті. Бұл туралы Орталық коммуникацилар қызметінде өткен брифингте «Inucobo жануарларды қорғау қауымдастығы» ЗТБ басшысы» Лилия Сарсенова айтты.
18.02.2021
-
«Тәуелсіздік ұрпақтары» ұлттық жобасы. Жастардың проблемалық мәселелеріне ерекше көңіл бөлінеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы АҚДМ Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Шахмардан Байманов Қазақстан халқы Ассамблеясы депутаттық тобының ҚХА «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысының мүшелерімен кездесу барысында айтты.
18.02.2021
-
Қашықтан оқыту: Студенттер сабаққа қатысып жүр ме?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ОКҚ-де жоғары білім сапасын арттыру бойынша өткен брифингте ҚР Білім және ғылым министрлігінің білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрайымы Гүлзат Көбенова университеттердегі қашықтан оқыту кезінде туындаған мәселелер туралы айтып берді.
18.02.2021
-
Туристерге жаңа мүмкіндік. Визасыз режим енгізілетін елдердің саны ұлғайтылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан азаматтары үшін визасыз режим енгізілетін елдердің тізімін кеңейтуді жоспарлап отыр.
18.02.2021
-
Қазақстанда жануарларды қорғау деген сөздің нақты анықтамасы жоқ
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстанда жануарларды қорғау деген ұғымның нақты анықтамасы жоқ. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте «Inucobo жануарларды қорғау қауымдастығы» ЗТБ басшысы» Лилия Сарсенова айтты.
18.02.2021
-
Алматыда жүрген 25 өзбекстандық мәжбүрлі түрде елден шығарылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда заңсыз жүрген Өзбекстанның 25 азаматы анықталып, мәжбүрлі түрде шығарылды.
18.02.2021
-
Қуантатын жағдай да бар. 3 жылда білім беру сапасы 3 есеге өсті - БҒМ
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ОКҚ-де жоғары білім сапасын арттыру бойынша өткен брифингте Білім және ғылым министрлігінің білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрайымы Гүлзат Көбенова университеттердің жағдайы туралы сөз қозғады.
18.02.2021
-
Қазақстан Президенті екі елдің пандемияға қарсы күрес жұмыстарына оң бағасын берді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.
18.02.2021
-
Енді бұл мәртебеден айырылып қалды. Мәжіліске ең жас депутаттың келуі нені өзгертті?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Сауытбек Әбдірахманов Қазақстан халқы Ассамблеясы депутаттық тобының ҚХА «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысының мүшелерімен кездесу барысында айтты.
18.02.2021
-
Бұл туралы тек екі адам тіс жармады. Депутат жастарды жазғырмағандар туралы айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Сауытбек Әбдірахманов Қазақстан халқы Ассамблеясы депутаттық тобының ҚХА «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысының мүшелерімен кездесу барысында айтты.
18.02.2021
-
Қазақстандықтардың аты-жөндерін латын қарпімен жазу ережелері әзірленеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Биыл Қазақстан Республикасы азаматтарының аты-жөндерін латын негізді әліпбимен жазылу ережелері әзірленбек. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігінің алқа мәжілісінде вице-министр Нұрғиса Дәуешов мәлім етті.
18.02.2021
Наверх