COVID-19: Нұр-Сұлтан қаласында 7 баланың жағдайы ауыр

11 Тамыз 2021, 18:22
18399
Бөлісу:
COVID-19: Нұр-Сұлтан қаласында 7 баланың жағдайы ауыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясы барысында Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов хабарлады.

Оның айтуынша, ересектерден бөлек, коронавирус инфекциясына шалдыққандар арасында балалар да бар. Олардың ішінде 834 бала 834 бала амбулаторлық деңгейде ем қабылдап жатқан көрінеді.

Өкінішке қарай, СOVID-19-ды ересектерден бөлек, балалар да жұқтыруда. Тәулігіне 12 бала ауруханаға жатқызылады Қазіргі уақытта КВИ бойынша оң нәтижемен 74 бала стационарлық ем қабылдап жатыр. Олардың ішінде 7 баланың вирустың ауыр түрімен ауыруда. Олар палатада жатыр, жағдайлары тұрақты. Реанимация бөлімшесінде балалар жоқ, - деді Тимур Мұратов.
Басқарма басшысының айтуынша, инкубациялық кезең балаларда да 4 күннен 14 күнге дейінгі аралықты құрайды. Бір қауіптісі, инфекция жас пациенттердің жүйке жүйесін зақымдап, организмге орасан зиян келтіруі әбден ықтимал. Кейде шок жағдайы да кездесетін көрінеді.
Балалардағы аурудың ерекшелігіне инфекциялық процестің өзі жатқызылады. Себебі оның ағымы денсаулықты жақсартып, сауығып шығуға немесе аурудың барынша ауыр түріне ауысуы мүмкін, - деп отыр басқарма басшысы.
Еске салсақ, елорданың бас санитарлық дәрігері КВИ-ді кімдер жиі жұқтырғанын айтты.

Өзгелердің жаңалығы