Шымкентте мәдениет басқармасының лауазымды тұлғалары қамалды

11 Тамыз 2021, 17:06
2594
Бөлісу:
Шымкентте мәдениет басқармасының лауазымды тұлғалары қамалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкент қаласы мәдениет басқармасының лауазымды тұлғалары аса ірі көлемде пара беруге әрекет жасады деген күдікпен ұсталды, деп хабарлады ANTIKOR News.

Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Агенттікпен бірге, Шымкент қаласының Мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының лауазымды тұлғаларын әшкереледі.

Олар мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларына бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша қылмыстық істі тоқтатқаны үшін 80 млн теңге сомасында аса ірі мөлшерде пара беруге әрекет жасады деп күдіктелуде. Аталған тұлғалар ұсталып, Шымкент қаласы ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды, - делінген хабарламада.
Іс бойынша тергеп-тексеру жүргізілуде.


Өзгелердің жаңалығы