Әр секунд санаулы. Арнайы көліктің жолына не кедергі болады?

11 Тамыз 2021, 19:35
6422
Бөлісу:
Әр секунд санаулы. Арнайы көліктің жолына не кедергі болады?
Фото: Артём Чурсинов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордада Төтенше жағдайлар департаменті мен Полиция департаменті бірлесіп «Арнайы көлікке жол бер» акциясын ұйымдастырды.

Акция өткізу кезінде жарқылдауық маягі қосылған өрт сөндіру арнайы көлігі мен жол-патрульдік полиция қызметі Сәтпаев – Момышұлы - Тәуелсіздік - Күйші Дина, Қажымұқан – Жұмабаев, Момышұлы – Сәтпаев көшелерінен жүріп өтті.

Акцияның мақсаты - шұғыл қызметтердің кедергісіз өтуін қамтамасыз етуге қоғамның назарын аудару, жаяу жүргіншілер мен жүргізушілерге жолдағы өзара құрмет пен парасаттылық қағидатын түсіндіру.

Әр секунд санаулы. Арнайы көліктің жолына не кедергі болады?

Өрт сөндіру департаменті мемлекеттік өрт сөндіру басқармасы бастығының орынбасары Ажар Рүстемова осындай акциялар арнайы көлікке жол беру бойынша тұрғындарды бейімдейтінін жеткізді.

Мәселен, арнайы өрт сөндіру көлігі оқиға орнына кем дегенде 10 минутта жетуі керек. Алайда халықтың көп шоғырлануы мен автокөліктердің кептелісі әсерінен бұл уақытта жету кейде қиынға соғады. Кейбір жүргізушілер арнайы көлікке жол бермейді. Әкімшілік кодекске сәйкес, мұндай бұзушылықтарға жауапкершілік қарастырылған, - деді Рүстемова.

Әр секунд санаулы. Арнайы көліктің жолына не кедергі болады?
Оның айтуынша, кейбір жаяу жүргіншілер де жарқылдауық маягі бар арнайы көліктерді көрген кезде әрекет етпейді.

Кейде бағдаршам не жаяу жүргіншілер жолағынан өтіп бара жатқан тұрғындар арнайы көлікті тезірек өткізіп жіберуге тырыспайды. Ол үшін адамдарда қоғамдық сана қалыптасуы керек, - деді ол.

Әр секунд санаулы. Арнайы көліктің жолына не кедергі болады?

Ажар Рүстемова атағандай, жүргізушілер қызметке қабылданбас бұрын арнайы оқытудан өтеді.

Әскери оқу-жаттығу аясында барлық дағдыға жаттығады. Күн сайын жұмыстан бөлек олар оқу-жаттығу жасайды. Барлық нормативке қол жеткізіледі. Өрт сөндіру көлігінің жүргізушісі құтқарушыға суды жіберу бойынша жәрдемдесе алады. Бірақ әркімнің өз қызметі бар, - деді ол.

Әр секунд санаулы. Арнайы көліктің жолына не кедергі болады?

Өз кезегінде 4-мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің командирі Жаслан Жакенов арнайы көліктерді өткізбеу көбіне қиылыстар мен аулаларда кездесетінін айтты.

Қиылыстарда көп жүргізушілер жасыл түске жүреді. Ал біз шұғыл болғандықтан, қызыл түске де жүре береміз. Осындай кездерде жүргізушілер бізді байқамай қалатын кездер болады. Олар музыканы қатты тыңдап отыруы мүмкін. Жаяу жүргіншілер жолағында кетіп бара жатқан адамдар жан-жағына қарамай, құлаққаппен кетіп бара жатқан жағдайлар кездеседі. Әрине, осындай сәттерде бізді естімейді, - деді ол.

Әр секунд санаулы. Арнайы көліктің жолына не кедергі болады?

Командирдің айтуынша, аулалардың тұрағындағы көліктер де арнайы техниканың шақыртылған ғимаратқа жақын тұруына кедергі келтіреді.

Кейде мүлдем аулаға кіре алмайтын кездер болады. Арнайы баспалдақты шығаратын орын болмайды. Ондай көліктерді көтеріп, арнайы көлікке жол ашып берген кезіміз де болды. Ал ондай мүмкіндік болмаса, магистральдік желіні 80-100 метрге дейін тарқатып, созамыз. Ол бізге өрт сөндіруге кедергі келтіреді, - деді ол.

Жаслан Жакенов осындай жағдайлардың барлығы адамдарды құтқаруға әсер ететінін айтты.

Себебі өртте әрбір секунд маңызды. Кей жағдайларда 10 секунд рөл ойнайды. 5-қабат жанып жатса, адам 1-қабатқа түскенше дейін 2-3 рет демалу улану үшін жеткілікті болады. Кіреберістерде адамдар тұншығып қалатын кездер болады. Сондықтан өрт сөндіруде әрбір секунд маңызды, - деді ол.

Әр секунд санаулы. Арнайы көліктің жолына не кедергі болады?

Командирдің айтуынша, осы сынды акциялар тұрғындардың жылдам бейімделуіне әсер етеді.

Қазір адамдар жиі әсер ете бастады. Тұрғындар мұндай жағдайларға бейімделіп жатыр. Кейбір жүргізушілер жол беріп, өткізіп жіберуге мүмкіндігі болса да, қозғалмайтын жағдайлар кездеседі. Кейде бір ай бойы құтқарушылар өрт сөндіругі шықпайды. Ал кейде бір тәуліктің ішінде 10 рет құтқаруға шығатын кездер болады, - деді ол.

Ал 10-өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы Абдул-Қали Саматтың айтуынша, арнайы техниканың жүруіне айналма жолдарда көп уақыт кетеді.

Шақыру орнына барған кезде де тұрғын үй аулаларында жүргізушілер көліктерін дұрыс қоймай жатады. Көлік дұрыс қойылмағандықтан, кедергілер туындайды. Бұл біздің жұмысымызға тікелей әсер етеді. Өрт сөндіру кезінде уақыт санаулы. Әр секунд адамның өмірін арашалауға әсер етеді, - деді ол.

Әр секунд санаулы. Арнайы көліктің жолына не кедергі болады?

Акцияға қатысқан Жол-патрульдік полиция полкінің инспекторы Айбек Құрамысов арнайы техниканың қозғалуына кедергі келтірген жүргізушілерге қандай әкімшілік жаза қарастырылатынын айтты.

Жарқылдауық маягі қосылған арнайы көліктердің қозғалысына көлік жүргізушілері кедергі келтірмеуі керек. Олардың тосқауылсыз өтуіне жағдай жасау керек. Бұл талап орындалмаса, көлік жүргізушіне Әкімшілік кодекстің 198-1 бабы бойынша 7 АЕК көлемінде айыппұл салынады, - деді ол.

Құрамысов арнайы көліктерге жол брмей, ЖКО-ға ұшырайтын жағдайлар болғанда кім жауапқа тартылатынын да айтты.

Мұндай жағдайда көлік жүргізушісі жауапқа тартылады. Себебі жол қозғалысы тәртібінде қызыл-көк маягі жанған арнайы көліктерге жол беруге міндетті екені көрсетілген, - деді ол.

Әр секунд санаулы. Арнайы көліктің жолына не кедергі болады?
Айта кетейік, жыл басынан бері елордалық өрт сөндіру қызметі дабыл бойынша 3303 шығуды жүзеге асырды, оның ішінде өртке 469, авариялық-құтқару жұмыстарына 938, ондағы өрттерде 54 адам құтқарылды. 7-уі қаза тауып, 12 адам жарақат алған.

Өзгелердің жаңалығы