Гарвард түлегі университет директоры болып тағайындалды

11 Тамыз 2021, 19:00
2970
Бөлісу:
Гарвард түлегі университет директоры болып тағайындалды

Алматы, BAQ.KZ. Нархоз университетінің Құқық және мемлекеттік басқару жоғары мектебін енді Гарвард түлегі, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының экс-заңгері және комплаенс-офицері Айнаш Әлпейісова басқарады. 

Бұл туралы Нархоз университетінің баспасөз қызметі хабарлады.

Айта кетерлігі, жаңа директордың АҚШ-тың Нью-Йорк штатында адвокаттық практикаға лицензиясы және Массачусетс штатында кәсіби бухгалтер (СРА) болуға сертификаты бар.

Айнаш Әлпейісова бұған дейін Қазақстандағы және АҚШ-ғы «Үлкен төрттікке» кіретін компанияларда жұмыс істеп, ірі трансұлттық және жергілікті инвестициялық ұйымдармен ынтымақтастық орнатты. Түрлі ірі компанияларға заң және салық мәселелері бойынша консультациялық қызмет көрсетіп, еліміздегі жоғары оқу орындарында сабақ берген, - делінген хабарламада.
Жаңа қызметте ол Қазақстанда, сондай-ақ, шет елдерде сұранысқа ие заңгерлік білім беру бағдарламаларын енгізумен және дамытумен, мықты халықаралық мамандарды тартумен айналысады. 

Сонымен қатар Нархоз университеті басшылығы қойған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізуде практикалық білімін қолданатын болады.

Өзгелердің жаңалығы