«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ға қатысты әкімшілік іс қозғалды

11 Тамыз 2021, 16:40
1074
Бөлісу:
«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ға қатысты әкімшілік іс қозғалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитеті «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ға қатысты әкімшілік іс қозғады.

Аталған іс ТМРК-ның атына жеке және заңды тұлғалардан өтініштер түсуден басталды. Өтініштердің негізінде Қызылорда облысының тұтынушыларына тауарлық газды бөлшек саудада өткізу қызметтерінің бағаларын қолдану мәніне жоспардан тыс тексеру жүргізілді.

Жүргізілген тексеру нәтижесінде ҚР Кәсіпкерлік кодексінің 124-8-бабының 6-тармақшасының талаптарын, атап айтқанда шекті бағаны негізсіз асырып жіберу салдарынан алынған табысты тұтынушыларға қайтармауға байланысты бұзушылықтар анықталды. Яғни «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ы шекті бағаны негізсіз асырып жіберу нәтижесінде 885,06 млн теңге мөлшерінде негізсіз кіріс алды. Осылайша «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ға қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 166-бабының 4-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалды. Сондай-ақ ҚР Кәсіпкерлік кодексінде көзделген міндеттемелерді орындау туралы нұсқаманы тікелей тұтынушыларға не шекті баға деңгейін төмендету арқылы 885,06 млн теңге мөлшерінде негізсіз алынған табысты қайтару талабы да енгізді, - делінген хабарламада.

Бұл ретте «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ы қолданыстағы заңнамаға сәйкес комитет қабылдаған ден қою шараларына шағымдануға құқылы.

Өзгелердің жаңалығы