Ақтөбеде балконнан секірмек болған мас әйел құтқарылды

11 Тамыз 2021, 16:04
3944
Бөлісу:
Ақтөбеде балконнан секірмек болған мас әйел құтқарылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбеде полицейлер балконнан секірмек болған әйелді суицидтен құтқарды, деп хабарлады Polisia.kz. 

7 тамыз күні сағат 23:30-да полиция қызметкерлері бір әйелдің «Қарғалы» шағын ауданындағы көпқабатты үйдің төртінші қабатындағы балконынан секіріп, өз-өзіне қол жұмсамақ болғаны туралы хабарлама алды. 

Аталған мекенжайға полиция жасағы жіберілді. Олар өздерінің дереу жасаған іс-әрекеттерінің нәтижесінде әйелді құтқарып қалды. 


34 жастағы әйелдің мас күйінде екені белгілі болды. Әйел полиция бөліміне жеткізілді.

Өзгелердің жаңалығы