Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қырғызстан парламентінің спикері Қанат Исаев Президент міндетін атқарудан бас тартты, деп мәлімдеді Ескі алаңда митингіге шыққандармен кездескен Премьер-министр Садыр Жапаров.
Президент өкілеттілігі маған тапсырылды, - деді үкімет басшысы.
Еске сала кетсек, Қырғызстан Президенті болған Сооронбай Жээнбеков бүгін отставкаға кету туралы шешім қабылдағанын хабарлаған еді.