Қытайда қауіпті вирусты жұқтырғандар саны 571-ге жетті

23 Қаңтар 2020, 10:21
2327
Бөлісу:
Қытайда қауіпті вирусты жұқтырғандар саны 571-ге жетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ауруға шалдыққан 571 адамның 95-сі ауыр жағдайда, деп хабарлады РИА Новости Қытайдың Денсаулық сақтау мәселелері бойынша мемлекеттік комитетіне сілтеме жасай отырып.

Бұған дейін, 473 адамнан коронавирустың жаңа типі табылғаны, ал оның 17-сі көз жұмғаны хабарланған болатын.

Айта кетейік, жұқпалы ауру Қытайдың 25 провинциясы мен ірі қалаларында таралды. 

Өткен тәулікте мемлекеттің 24 провинциясы мен қаласында ауру жұқтырған 131 адам тіркелді, 8-і ауыр дерттен көз жұмды. Қайтыс болғандардың дені - 65 жастан асқан адамдар. 

Қытайдан басқа Гонконг, Макао, Тайван, АҚШ, Жапония, Оңтүстік Корея, Таиландта да адамдардың жұқпалы ауруға шалдыққаны белгілі болды. 

4928 адам медициналық бақылауға алынды. Олар ауруға шалдыққан науқастармен жақын араласқан адамдар.

Айта кетейік, Қазақстанда жаңа коронавирусты анықтай алатын тест әзірленетіні мәлім болды.




Өзгелердің жаңалығы