Іздестіру аяқталды: Каспийдегі екі әскери қызметшінің денесі табылды

25 Қыркүйек 2026, 10:56
АВТОР
 Қорғаныс министрлігі 25 Қыркүйек 2026, 10:56
25 Қыркүйек 2026, 10:56
176
Фото: Қорғаныс министрлігі

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Каспий теңізі акваториясында жүргізілген іздестіру-құтқару операциясы аяқталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, 25 қыркүйекте, сағат 09:15 шамасында үздіксіз жүргізілген іздестіру-құтқару жұмыстары барысында бұған дейін із-түзсіз жоғалған екі әскери қызметшінің – сержант Мансұр Гумаров пен матрос Мирас Тұрдыбекұлының денелері табылды.

Еске салайық, қайғылы оқиға оқу-жауынгерлік міндетті орындау барысында ауа райының кенеттен күрт нашарлауынан орын алып, нәтижесінде 17 әскери қызметшіні ашық теңізге алып кеткен болатын. Олардың үшеуі құтқарылып, 14 әскери қызметші қаза тапты.

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің және Қарулы күштерінің басшылығы мен жеке құрамы қаза тапқан әскери қызметшілердің туған-туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады.

Қаза болған әскери қызметшілердің отбасыларына қажетті жан-жақты, оның ішінде материалдық және психологиялық көмек көрсетіледі.

Айта кетейік, кетейік, бұған дейін Каспийде оқу-жаттығу кезінде 9 әскери қызметші суға батып кеткені хабарланды. 

Бас прокуратура Каспийдегі оқу-жаттығу кезінде 9 әскери қызметші суға батып кету оқиғасына қатысты қылмыстық іс қозғалып, жедел-тергеу тобы құрылғанын айтты. 

Сондай-ақ, әскери қызметшілердің қазасына байланысты Үкіметтік комиссия құрылып, Премьер-министр Олжас Бектенов шұғыл тапсырма берді. 

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстауда қаза тапқан әскери қызметкерлердің туған-туыстарына көңіл айтты. 

25 қыркүйек Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды.

Одан кейін Қорғаныс министрлігі қаза тапқан 12 әскери қызметшінің есімдерін жариялады.

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев қайғылы оқиғаға себеп болған әрбір лауазымды тұлғаның заң алдында жауап беретінін мәлімдеді.

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза болуына қатысты екі қылмыстық іс қозғалды. Қылмыстық істің барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Қазақстан Халық Кеңесі мүшелері қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына материалдық көмек көрсетеді. Қайырымдылық бастамасына еліміздің әр өңірінен 17 кәсіпкер қосылды.

Елімізде болған қайғылы оқиғаға қатысты Ресей президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа көңіл айтты. Владимир Путин жеделхатында қаза тапқан әскери қызметшілердің туған-туыстарына қолдау білдіріп, олардың қайғысына ортақтасатынын жеткізді.

Мемлекет басшысы Ресей президенті Владимир Путинге Каспий теңізіндегі оқу-жаттығу кезінде қазақстандық әскери қызметшілердің қаза табуына байланысты көңіл айтқаны үшін ризашылығын білдірді.

Сондай-ақ, Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Маңғыстау облысындағы әскери оқу-жаттығу кезінде Қарулы Күштердің әскери қызметшілері қаза болғаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдағанын жеткізді.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Маңғыстауда әскери қызметшілердің қазасына байланысты күдікке ілінген тұлғалар анықталды. Бұл туралы Бас прокуратура мәлімдеді. 

Маңғыстау облысында ауруханаға жеткізілген әскери қызметшінің жағдайы тұрақталды. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бекболат Ізбасаров мәлімдеді.

Тағы оқи отырыңыз: Каспийдегі әскери қызметшілерді іздеу операциясы күшейтілді: Ондаған кеме мен әуе кемесі жұмылдырылды 

Қазақстан тарихындағы қаралы күндер хроникасы 

Каспийдегі қайғылы оқиға: Қырғызстан, Әзербайжан және Түркия Қазақстанға көңіл айтты 

Наверх