Қанат Бозымбаев: Қайғылы оқиғаға себеп болған әрбір лауазымды тұлға заң алдында жауап береді

Қайғылы оқиғаға байлнысты құзырлы органдар қылмыстық істер қозғаған.

 Маңғыстау облысы әкімдігі 24 Қыркүйек 2026, 22:18
24 Қыркүйек 2026, 22:18
80
Фото: Маңғыстау облысы әкімдігі

Маңғыстау облысында болған қайғылы оқиғаға байланысты Үкімет арнайы комиссия құрды. Комиссияны Премьер-Министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев басқарады.

Оның айтуынша, оқиға салдарынан 12 әскери қызметші қаза тауып, үшеуі құтқарылған. Тағы екі әскери қызметшіні іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.

«Бүгін еліміз ауыр қайғыға ұшырады. Маңғыстау облысындағы қайғылы оқиғаның салдарынан 12 әскери қызметші қаза тауып, үшеуі құтқарылды. Әлі табылмаған екі әскери қызметшіні іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр», – деді Қанат Бозымбаев.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қаза тапқан сарбаздар мен офицерлердің отбасыларына, туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтқан.

«Президент және бүкіл Қазақстан халқы сіздердің орны толмас қайғыларыңызға ортақ», – деді Үкімет басшысының орынбасары.

Қанат Бозымбаевтың мәлімдеуінше, оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін Мемлекет басшысының тапсырмасымен арнайы комиссия құрылған. Құзырлы органдар қылмыстық істер қозғаған.

«Тергеу барынша мұқият, жан-жақты әрі қысқа мерзімде жүргізіледі. Қайғылы оқиғаға себеп болған әрбір лауазымды тұлға заң алдында ең қатаң түрде жауап береді», – деді ол.

Сонымен қатар қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына материалдық және басқа да қажетті көмек көрсетілетіні айтылды.

«Мемлекет қаза тапқандардың отбасыларын жалғыз қалдырмайды. Қаза тапқан әрбір әскери қызметшінің отбасына қомақты материалдық көмек беріліп, сондай-ақ барлық қажетті қолдау көрсетіледі», – деді Қанат Бозымбаев.

Ол тергеу барысы мен отбасыларға көмек көрсету жұмыстарын жеке бақылауында ұстайтынын атап өтті.

Айта кетейік, бұған дейін Каспийде оқу-жаттығу кезінде 9 әскери қызметші суға батып кеткені хабарланды. 

Бас прокуратура Каспийдегі оқу-жаттығу кезінде 9 әскери қызметші суға батып кету оқиғасына қатысты қылмыстық іс қозғалып, жедел-тергеу тобы құрылғанын айтты. 

Сондай-ақ, әскери қызметшілердің қазасына байланысты Үкіметтік комиссия құрылып, Премьер-министр Олжас Бектенов шұғыл тапсырма берді

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстауда қаза тапқан әскери қызметкерлердің туған-туыстарына көңіл айтты

25 қыркүйек Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды.

Одан кейін Қорғаныс министрлігі қаза тапқан әскери қызметшілердің есімдерін жариялады.

Наверх