- Мұқаба
- Жаңалықтар
- Каспийдегі қайғылы оқиға: Қырғызстан, Әзербайжан және Түркия Қазақстанға көңіл айтты
Каспийдегі қайғылы оқиға: Қырғызстан, Әзербайжан және Түркия Қазақстанға көңіл айтты
25 Қыркүйек 2026, 10:31
Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, сондай-ақ Әзербайжан мен Түркияның сыртқы істер министрліктері Каспий теңізіндегі әскери оқу-жаттығу кезінде қазақстандық әскери қызметшілердің қаза табуына байланысты көңіл айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Садыр Жапаров Каспийдегі қайғылы оқиғаға байланысты Тоқаевқа көңіл айтты
Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров Каспийдегі оқу-жаттығу кезінде қазақстандық әскери қызметшілердің қаза табуына байланысты Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа көңіл айтты.
Қырғызстан басшысы Тоқаевқа жеделхат жолдап, қаза тапқандардың отбасыларына қолдау білдірді және зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тіледі.
Каспий теңізіндегі әскери оқу-жаттығу кезінде болған қайғылы оқиға салдарынан Қазақстан Республикасы Қарулы күштері әскери қызметшілерінің қаза тапқаны туралы хабарды терең күйзеліспен қабылдадым. Қырғыз Республикасының халқы және өз атымнан Сізге, қаза тапқандардың отбасыларына, туған-туыстары мен жақындарына осы ауыр сәтте шын жүректен көңіл айтып, қолдау білдіремін. Зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тілеймін, – делінген жеделхатта.
Әзербайжанның Сыртқы істер министрлігі Қазақстанға көңіл айтты
Әзербайжан Сыртқы істер министрлігінің X әлеуметтік желісінде жазба жариялады.
Каспий теңізіндегі Қазақстан Әскери-теңіз күштерінің әскери оқу-жаттығуы кезінде адамдардың қайғылы түрде опат болғаны туралы хабарды терең күйзеліспен қабылдадық. Біз қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасылары мен жақындарына, бауырлас Қазақстан халқына, Үкіметіне қайғырып көңіл айтамыз. Алла Тағала марқұмдардың жанын жәннатта етіп, отбасыларына бұл ауыр сәтте күш-қуат мен сабыр берсін. Жоғалғандардың аман-есен табылуына үміттенеміз және зардап шеккен әскери қызметшінің тезірек сауығып кетуін тілейміз, – делінген хабарламада.
Түркия СІМ көңіл айту хабарламасын жариялады
Қаза тапқандардың жақындарына және Қазақстан халқына көңіл айтамыз, - делінген Түркия СІМ мәлімдемесінде.
Түркияның Сыртқы істер министрлігі Қазақстан Әскери-теңіз күштерінің әскери оқу-жаттығуы кезінде болған қайғылы оқиға салдарынан адамдардың қаза табуына байланысты көңіл айту хабарламасын жариялады.
Ақтау жағалауында Қазақстан Әскери-теңіз күштерінің әскери оқу-жаттығуы кезінде адамдардың қаза болғанына қатты қайғырдық. Қаза тапқандардың жақындарына және Қазақстан халқына көңіл айтамыз, – делінген мәлімдемеде.
Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының бас хатшысы жеделхат жолдады
Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының бас хатшысы Нұрлан Ермекбаев Қасым-Жомарт Тоқаевқа Каспий теңізінде болған қайғылы оқиғаға байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады. Бейжің қаласындағы Ұйымның бас кеңсесінде Қазақстанның байрағы төмен түсірілді.
Айта кетейік, кетейік, бұған дейін Каспийде оқу-жаттығу кезінде 9 әскери қызметші суға батып кеткені хабарланды.
Сондай-ақ, әскери қызметшілердің қазасына байланысты Үкіметтік комиссия құрылып, Премьер-министр Олжас Бектенов шұғыл тапсырма берді.
Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстауда қаза тапқан әскери қызметкерлердің туған-туыстарына көңіл айтты.
25 қыркүйек Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды.
Одан кейін Қорғаныс министрлігі қаза тапқан 12 әскери қызметшінің есімдерін жариялады.
Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза болуына қатысты екі қылмыстық іс қозғалды. Қылмыстық істің барлық мән-жайы анықталып жатыр.
Қазақстан Халық Кеңесі мүшелері қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына материалдық көмек көрсетеді. Қайырымдылық бастамасына еліміздің әр өңірінен 17 кәсіпкер қосылды.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, Маңғыстауда әскери қызметшілердің қазасына байланысты күдікке ілінген тұлғалар анықталды. Бұл туралы Бас прокуратура мәлімдеді.
Тағы оқи отырыңыз: Каспийдегі әскери қызметшілерді іздеу операциясы күшейтілді: Ондаған кеме мен әуе кемесі жұмылдырылды
Ең оқылған:
- Астанада зейнеткерлерге 10 000 теңгеден берілетін болды
- «Екеуі де сағатқа таласып, жалақы үшін жұмыс істеп жүр»: Педагог ауыл мен қала мұғалімдерін салыстырды
- Зейнетақы мен жәрдемақының 70%-ына қатысты тәртіп өзгеруі мүмкін
- Дәрігерге жазылу: Емханаларға жаңа талап қойылды
- 3 млн теңгеден астам ақша бопсаланған: Павлодарда алты күдікті қолға түсті
Аида БАТУХАН