Күш қолданумен қорқытып ақша талап еткен: Павлодарда алты адам ұсталды.
Павлодар облысы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының жедел қызметкерлері бопсалау фактілеріне қатысы бар деген күдікке ілінген адамдар тобын ұстады.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында үш жәбірленуші анықталды. Алдын ала мәліметтер бойынша, оларға келтірілген материалдық шығынның жалпы сомасы 3 миллион теңгеден асады.
Анықталғандай, күдіктілер бір ай бойы Павлодар қаласының тұрғындарынан ақша талап етіп, талаптарын физикалық күш қолдану және дене жарақатын келтіру қаупімен сүйемелдеген.
Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде жедел қызметкерлер күдіктілердің жеке басын анықтап, алты адамды ұстады. Олардың бесеуі уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бопсалау фактілері бойынша қылмыстық істер қозғалды. Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп, болған оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда. Сондай-ақ ұсталғандардың басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде, – деді Павлодар облысы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы Ғабит Қабдрахманов.
Еске салайық, бұған дейін Ақтөбеде бопсалау және тонаумен айналысқан жеті күдікті ұсталды.
Тағы оқи отырыңыз:
Ақтөбеде ер адам «көлікпен қағып кеттің» деп жүргізушілерден ақша бопсалаған
«Жеке деректерді жариялаймын» деп қорқытқан: 17,6 миллион теңге бопсалаған Астана тұрғыны жазаланды
ШҚО-да сотталғандар «қамқорлық» көрсетеміз деп жаңадан түскен тұтқындардан ақша бопсалаған