АҚШ
-
Иран мен Оман Ормуз бұғазы арқылы өтетін теңіз жолдарының картасы бойынша келісімге келді
Иран сыртқы істер министрінің орынбасары Казем Ғарибабади келіссөздер соңғы кезеңге жеткенін хабарлады. Оның айтуынша, екі тарап екі-төрт айға дейін қолданылуы мүмкін уақытша теңіз бағытын құру мәселесін талқылап жатыр.
16.08.2026
-
Трамп: Ормуз бұғазы АҚШ аумағына айналады
АҚШ президенті Иранмен соғыс аяқталғаннан кейін Ормуз бұғазын Америка аумағы деп жариялауға ниетті екенін айтты.
15.08.2026
-
АҚШ-та бензин бағасы 4 доллардан асты: Трамп кешірім сұрамайтынын мәлімдеді
Трамп бағаның өсуін үлкен мәселе деп санамайтынын жеткізді.
15.08.2026
-
Бибісара Асаубаева АҚШ-тағы беделді шахмат турнирінде үздік бестікке енді
Қазақстандық шахматшы алғашқы жеңісіне жетіп, көшбасшылар қатарына қосылды. Енді Асаубаеваны тағы бір маңызды кездесу күтіп тұр.
14.08.2026
-
АҚШ Иранға қарсы жаңа экономикалық қысым шараларын әзірлеп жатыр
Алайда Бессент жоспарланып отырған шаралардың нақты қандай бағыттарды қамтитынын ашып айтпады.
14.08.2026
-
Тоқаев АҚШ-қа барады: Сапар алдында Астана мен Вашингтон келіссөздерді бастады
Майами қаласында өтетін «G20» саммитіне Мемлекет басшысы АҚШ Президенті Дональд Трамптың шақыруымен қатысады.
13.08.2026
-
Қазақстан мұнайына қауіп сейіле ме? Сарапшылар АҚШ пен Украина келісімін бағалады
Сарапшылар бұл мәселеде саяси қысыммен қатар әлемдік энергетикалық нарықтағы жағдайдың да шешуші рөл атқаратынын айтады.
12.08.2026
-
Иран Ормуз бұғазын ашудың шарттарын атады
Иранның Жоғары ұлттық қауіпсіздік кеңесінің жаңадан тағайындалған хатшысы Мохсен Резайдың айтуынша, АҚШ өз ұстанымын өзгертпейінше және Иран қойған талаптарды орындамайынша, бұғаз ашылмайды.
12.08.2026
-
Трамп Анкарадағы НАТО саммитінен неге басқа ұшақпен ұшып кетті?
Трамп алдымен Air Force One президенттік ұшағына көтерілген, бірақ көп ұзамай одан шығып кеткен.
11.08.2026
-
Иран СІМ басшысы: Тегеран қазір АҚШ-пен келіссөз жүргізіп жатқан жоқ
Аббас Аракчи тараптардың тек делдалдар арқылы бір-біріне хабарлама жолдап отырғанын атап өтті.
10.08.2026
-
Нетаньяху Трампқа шарт қойды
Израиль АҚШ президенті Дональд Трамптың Газаға қатысты ұсынған 15 тармақтан тұратын келісімін қабылдамады.
10.08.2026
-
Пуэрто-Рикода қатты құрғақшылық салдарынан су беру шектелді
Қазіргі таңда аумақтың 68 пайызы құрғақшылықтан зардап шегіп отыр.
10.08.2026
-
Трамп Ирандағы экономикалық дағдарысқа баға берді
АҚШ президенті Иранмен келісімге келу мүмкіндігіне қатысты оптимистік пікір білдіріп, жағдайдың реттелетініне сенім білдірді.
10.08.2026
-
Иран Ормуз бұғазын ашу үшін АҚШ-қа қатаң талап қойды
Тегеран Ормуз бұғазындағы кеме қатынасын қалпына келтіру АҚШ-тың Иран қойған шарттарды қабылдауына байланысты екенін мәлімдеді.
09.08.2026
-
Иран Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы: АҚШ ұстанымын өзгертпейінше, Ормуз бұғазы ашылмайды
Иран билігінің мәлімдеуінше, АҚШ өз міндеттемелерін орындамай, ел аумағына әуе соққыларын қайта бастаған. Бұған жауап ретінде Тегеран Ормуз бұғазындағы шектеулерді қайта күшейткен.
09.08.2026
-
Трамптың жеке адвокаты АҚШ-тың бас прокуроры болып тағайындалды
Сенат Тодд Бланштың кандидатурасын мақұлдап, Дональд Трамптың бұрынғы жеке адвокатын АҚШ Әділет министрлігінің басшысы қызметіне тағайындады.
08.08.2026
-
Трамп: Иран келісімге келгісі келеді
АҚШ президентінің айтуынша, Тегеран жаңа әскери соққылардың алдын алу үшін келіссөз жүргізуге ниетті.
08.08.2026
-
АҚШ Үндістанға сұйытылған мұнай газын жеткізуде көш бастады
Жыл басынан бері америкалық компаниялар Үндістанға шамамен 3,6 млн тонна сұйытылған табиғи газ экспорттаған.
08.08.2026
-
АҚШ-тағы еңбек нарығының әлсіреуі алтын бағасын өсірді
АҚШ Еңбек министрлігінің Еңбек статистикасы бюросы шілдеде ауыл шаруашылығынан тыс секторларда жұмыс орындарының саны 23 мыңға қысқарғанын хабарлады.
08.08.2026
-
Facebook-тің бас компаниясы АҚШ сотында жеңілді: Meta 567 млн доллар өтемақы төлейді
АҚШ-тағы сот әлеуметтік желілердің жастар психикасына әсеріне қатысты маңызды шешім шығарды. Компания бұл үкіммен келіспейтінін мәлімдеді.
07.08.2026