21 Қыркүйек 2026, 07:49 Фото: depositphotos.com

АҚШ пен Қытай ЖИ мәселелері бойынша келіссөз өткізді

АҚШ пен Қытай өкілдері жасанды интеллект мәселелері бойынша келіссөздерді жалғастыруға келісті.

АҚШ пен Қытай өкілдері Нью-Йоркте сауда және жасанды интеллект мәселелері бойынша келіссөз өткізді. АҚШ қаржы министрі Скотт Бессент кездесуді «өте сәтті» деп бағалады.

Келіссөзге Бессент пен Қытай Мемлекеттік кеңесі премьерінің орынбасары Хэ Лифэн қатысты. Тараптар жасанды интеллект саласындағы өзара іс-қимыл тетігін құру мәселесін талқылады.

Бессенттің айтуынша, бұл бастама «АҚШ–Қытай жасанды интеллект диалогы» деп аталмақ. Вашингтон жасанды интеллектке байланысты ұлттық қауіпсіздік қатерлері мен оқиғалар туралы екі ел арасында хабар алмасу механизмін ұсынды.

АҚШ пен Қытай өкілдері жасанды интеллект мәселелері бойынша келіссөздерді жалғастыруға келісті. Сонымен қатар кездесуде сауда және екіжақты экономикалық қатынастар талқыланды.