21 Қыркүйек 2026, 12:45 Фото: Reuters

Си Цзиньпин АҚШ-қа мемлекеттік сапармен бармақ

Қытай лидері АҚШ-қа 23-25 қыркүйек аралығында мемлекеттік сапармен барады.

Бұл туралы Қытай Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпин АҚШ президенті Дональд Трамптың шақыруымен 23-25 қыркүйек аралығында Америка Құрама Штаттарына мемлекеттік сапармен барады, - делінген Жэньминь жибао жариялаған ақпаратта.

Еске салайық, бұған дейін АҚШ пен Қытай жасанды интеллект қауіпсіздігі бойынша алғашқы келіссөздерге дайындалып жатқаны хабарланды