21 Қыркүйек 2026, 00:30 Фото: depositphotos.com

Иран: АҚШ-тың жаңа шабуылы жауапсыз қалмайды

Иран сондай-ақ маусымдағы келісімнің талаптары орындалмайынша Ормуз бұғазын қайта ашпайтынын мәлімдеді.

Иран АҚШ пен оның одақтастарын жаңа ауқымды шабуыл жасамауға шақырып, мұндай әрекетке қатаң жауап берілетінін мәлімдеді. Тегеран ықтимал шабуылға дайындық жүріп жатқаны туралы ақпарат бар екенін айтты, алайда оның егжей-тегжейін жарияламады.

Reuters-тің хабарлауынша, Иранның әскери қолбасшылығы жаңа шабуыл болған жағдайда АҚШ-тың аймақтағы базалары мен мүдделеріне қарсы ұзақ мерзімді жауап шаралары қолданылатынын мәлімдеді. Сондай-ақ Вашингтонның қақтығысқа қатысатын өңірлік одақтастары да тарап ретінде қарастырылатынын ескертті.

АҚШ Мемлекеттік департаменті бұған дейін Таяу Шығыста жағдайдың күтпеген жерден шиеленісуі мүмкін екенін ескертіп, америкалықтарды сақ болуға шақырған. Ведомство әуе рейстерінің тоқтатылуы мен әуе кеңістігінің жабылуы мүмкін екенін де хабарлады.

Аймақтағы ахуал Йемендегі хуситтердің Сауд Арабиясына жасаған шабуылдары туралы мәлімдемелерінен кейін күрделене түсті. Хуситтер Эр-Рияд пен Янбудағы мұнай нысанына соққы жасағанын мәлімдеді. Сауд Арабиясы бұл мәлімдемелерге түсініктеме берген жоқ.

Иран сондай-ақ маусымдағы келісімнің талаптары орындалмайынша Ормуз бұғазын қайта ашпайтынын мәлімдеді.