20 Қыркүйек 2026, 01:48
Фото: Anadolu Ajansı
Иран АҚШ-қа соғысты тоқтату туралы келісім ұсынды
Тегеран әскери әрекеттерді тоқтатуды, активтерін бұғаттан шығаруды және теңіз блокадасын алып тастауды талап етті.
Иран Қатарлық делдал арқылы Америка Құрама Штаттарына соғысты тоқтату туралы ұсынысын жеткізді. Тегеран АҚШ президенті Дональд Трамптың жауабын күтіп отыр. Бұл туралы Иран Жоғары ұлттық қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Мохсен Резаи мәлімдеді.
Аталған ақпаратты Al Jazeera таратты.
Оның айтуынша, Иран тарапы барлық майдандағы әскери әрекеттерді тоқтатуды, шетелдегі активтерді бұғаттан шығаруды және теңіз блокадасын алып тастауды талап еткен.
Біздің шарттарымыз Катардан келген делдал арқылы америкалық тарапқа жеткізілді. Енді біз Трамптың жауабын күтіп отырмыз, – деді Резаи.
Иран Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы сондай-ақ Тегеран Сауд Арабиясы мен Йемен арасындағы соғысты тоқтатуды қолдайтынын айтты. Ұсынылған келісімге қатысты басқа мәліметтер жарияланбады.
Reuters таратқан мәліметке сәйкес, бұған дейін Трамп Иранның АҚШ-пен тікелей байланысқа шығып, келісім жасағысы келетінін мәлімдеген. АҚШ президенті жетінші айға созылған соғыс аяқталуға жақын деп үміт білдірді.
- ЕО-ның бес елі мигранттарды Руандаға депортациялауға келісті 05:43
- Биткоин 60 мың долларға дейін құлдырауы мүмкін: криптонарықта алаңдаушылық күшейді 02:50
- Астанада мас күйінде электромопед жүргізген жігіт 20 тәулікке қамалды 01:45
- Елімізде техногендік қалдықтарды игеру құқығы аукционға шығарылады 00:25
- Қойма мен жүк көліктері өртенді 16.11.2026
- Қазақстанда фермерлік кәсіпорындар саны 21 мыңға жетті 16.11.2026
- Қазақстанда биыл көліктерден 595 заңсыз жанармай багы алынды 16.11.2026