ЕО мен Канада құрған жаңа альянсқа төрт мемлекет қосылды
ЕО мен Канададан бөлек, бастамаға Бразилия, Кения, Үндістан және Австралия қосылды. Альянс ашық форматта құрылып отыр, яғни болашақта оған басқа мемлекеттер де қосыла алады.
Еуропалық одақ пен Канада P4M — «Көпжақтылық, халықаралық құқық, бейбітшілік және өркендеу үшін әріптестер» деп аталатын жаңа халықаралық альянс құруда. Ұйым сейсенбі күні Нью-Йоркте өтетін БҰҰ Бас Ассамблеясы аясында таныстырылады.
Бұл туралы Bild басылымы жазды.
ЕО мен Канададан бөлек, бастамаға Бразилия, Кения, Үндістан және Австралия қосылды. Альянс ашық форматта құрылып отыр, яғни болашақта оған басқа мемлекеттер де қосыла алады.
Қатысушылар халықаралық ынтымақтастық пен БҰҰ-ның рөлін нығайтуды, сондай-ақ жасанды интеллект, климаттың өзгеруі және пандемияларға қарсы күрес бағыттарында бірлесіп жұмыс істеуді көздейді.
Бастамашылар саяси дәстүрлері әртүрлі мемлекеттер арасында «көпір орнату» қажеттігін атап отыр.
Жаңа топ ірі державалар арасындағы бәсекелестік күшейіп, дәстүрлі халықаралық форматтарда келіспеушіліктер көбейген кезеңде құрылып жатыр. Болашақта бұл бастама G20-ға балама форматтардың бірі болуы мүмкін.
Бұған дейін ЕО Канадаға одақ тарихындағы алғашқы «қауымдастырылған мүше» болуды ұсынған еді. Бұл мәртебе экономика, технология, энергетика және қорғаныс салаларындағы ынтымақтастықты кеңейтуді көздейді.
Ал АҚШ президенті Дональд Трамп Канаданың ЕО-мен жақындасуына байланысты Еуроодақпен сауданы тоқтатуы мүмкін екенін мәлімдеген.