20 Қыркүйек 2026, 10:51 Фото: Report

АҚШ Кариб теңізінде есірткі саудасына қатысы бар деген күдікке ілінген қайыққа соққы жасады

Шабуыл салдарынан төрт адам қаза тапты.

АҚШ қарулы күштері Кариб теңізінде есірткі тасымалдауға пайдаланылған деген күдік бар қайыққа соққы жасады. Шабуыл салдарынан төрт адам қаза тапты.

АҚШ Қарулы күштерінің Оңтүстік қолбасшылығының мәліметінше, қайық Кариб теңізіндегі есірткі тасымалы бойынша қалыптасқан бағыттардың бірімен жүрген.

Америкалық қолбасшылықтың хабарлауынша, барлау қызметтерінде қайықтың есірткіні заңсыз тасымалдауға қатысы бары туралы ақпарат болған.