20 Қыркүйек 2026, 11:57
Фото: istockphoto.com
Иран АҚШ-пен келіссөз бастау үшін жеті шарт қойды
Тегеран әскери әрекеттерді тоқтатуды, санкцияларды алып тастауды және америкалық күштерді өңірден шығаруды талап етті.
Иран АҚШ-пен келіссөздерді бастау және екі ел арасындағы қарым-қатынасты қалыпқа келтіру үшін жеті шарт қойды.
Тегеранның талаптарын Иран Жоғары ұлттық қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Мохсен Резаи X әлеуметтік желісіндегі парақшасында жариялады.
Тегеранның ұстанымы айқын әрі нақты: егер Вашингтон өзі қалыптастырған тығырықтан шығуды қаласа, Иранның құқықтары мен шарттарын қабылдаудан басқа амалы жоқ, – деді генерал.
Оның айтуынша, Ормуз бұғазын ашу және АҚШ-пен қарым-қатынасты қалыпқа келтіру үшін Иран мынадай шарттар қойды:
- әскери әрекеттерді тоқтату;
- бұғатталған активтерді босату;
- теңіз блокадасын алып тастау;
- экономикалық және саяси санкцияларды жою;
- АҚШ-тың әскери-теңіз және әскери-әуе күштерін өңірден шығару;
- соғыс өтемақысын төлеу;
- қоқан-лоқы мен балағат сөздерді тоқтату.