Жалпы жаңалықтар
-
Қазақстан экономикасы тұрақты өсім қарқынын сақтап келеді
Биылғы жылдың тоғыз айының қорытындысы бойынша еліміздің экономикасы 6,3% өсім көрсетті. Бұл көрсеткіш жыл басындағы деңгейден 2,3 пайыздық тармаққа жоғары, деп хабарлайды BAQ.KZ Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
29.10.2025
-
Бүгін еліміздің он бір қаласында ауа сапасы нашарлайды
Бүгін, 29 қазанда Қазақстанның бірқатар қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар болжанып отыр. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
29.10.2025
-
Алматы тауларында адасқан туристер аман-есен табылды
Алматы тауларында Төтенше жағдайлар министрлігінің Құтқару қызметі Башут шыңынан түсу кезінде адасып кеткен туристер тобын аман-есен тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
29.10.2025
-
Артық төлемсіз бөліп төлеу: экономистер қосарлы баға енгізудің себебін түсіндірді
11 қазаннан бастап Қазақстанда сауда саласына қатысты жаңа ереже күшіне енді. Енді барлық дүкендер мен онлайн-платформалар тауардың екі бағасын қатар көрсетуге міндетті – бірін толық бірден төлеген кездегі баға, екіншісін бөліп төлеу арқылы сатып алу кезіндегі баға. Бұл жаңашылдық 2025 жылдың 30 қыркүйегінде Сауда және интеграция министрлігі бекіткен бұйрықпен ресми түрде енгізілді. BAQ.KZ тілшісі бұл өзгерістердің нарыққа қалай әсер ететіні және қарапайым тұтынушылар үшін қаншалықты тиімді болатынын зерделеп көрді.
29.10.2025
-
Трамптың рейтингі құлдырады: америкалықтар қымбатшылыққа наразы
АҚШ президенті Дональд Трамптың қызметіне қанағаттанған азаматтардың үлесі рекордтық деңгейде төмендеді, деп хабарлайды BAQ.KZ DW порталына сілтеме жасап.
29.10.2025
-
Таразда қызды күштеп алып қашқан үш ер адам ұсталды
Таразда қоғамдық көлік аялдамасында қызды күшпен көлікке отырғызып әкеткен үш ер адам ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
29.10.2025
-
Кенияда ұшақ апатынан 11 адам қаза тапты
Кенияда шетелдік туристер мінген Mombasa Air Safari әуе компаниясының шағын ұшағы апатқа ұшырады. Бортта болған 11 адамның бәрі – кениялық ұшқыш, сегіз венгриялық және екі неміс азаматы қаза тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ Euronews-ке сілтеме жасап.
29.10.2025
-
Швецияда 13 жастан бастап түрме жазасы енгізіледі
Швеция үкіметі жасөспірімдер арасындағы қылмыстың өсуіне байланысты қылмыстық жауапкершілік жасын 13-ке дейін төмендетуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ DW порталына сілтеме жасап.
29.10.2025
-
Microsoft OpenAI акцияларының 27 пайызын иеленді
OpenAI компаниясы құрылымдық өзгерістер жүргізіп, жаңа коммерциялық емес ұйым – OpenAI Foundation арқылы басқарылатын OpenAI Group PBC холдингіне біріктірілді, деп хабарлайды BAQ.KZ ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
29.10.2025
-
Қаржылық пирамида: тез байытамын деген тұзақтың шындығы
Тегін ірімшік тек қақпанда болады. Бұл ескі нақыл бүгінде бұрынғыдан да өзекті. Цифрлық дәуірде адамдар интернет арқылы табыс табудың жаңа жолдарын іздейді, ал алаяқтар сол ізденістің ішінен өз олжасын іздейді. Соның ең қауіпті түрі – қаржылық пирамида. BAQ.KZ тілшісі осы тақырыпты зерделеп көрген еді.
29.10.2025
-
АҚШ Қытайдан келетін кейбір тауарларға салынған баж салығын төмендетуі мүмкін
АҚШ Қытайдан келетін кейбір тауарларға салынған баж салығын төмендетуі мүмкін. Бұл шешім Қытай фентанил өндірісінде қолданылатын химиялық заттардың экспортын бақылауды күшейтсе ғана қабылданады, деп хабарлайды BAQ.KZ The Wall Street Journal басылымына сілтеме жасап.
29.10.2025
-
Газа секторына жасалған соққы: Израиль ХАМАС-ты бітімгершілікті бұзды деп айыптады
Израиль Қорғаныс армиясы (ЦАХАЛ) Газа секторының оңтүстігіндегі ХАМАС пайдаланатын инфрақұрылым нысандарына бірқатар әуе соққыларын жасады.
29.10.2025
-
Абай облысында жүкті әйелдерге арналған пансионат ашылды
Абай облысында әлеуметтік және медициналық қолдауға мұқтаж жүкті әйелдерге арналған жаңа пансионат ашылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Абай облысы әкімдігіне сілтеме жасап.
28.10.2025
-
Тұман мен жаңбыр: 15 өңірде дауылды ескерту жарияланды
Ертең, 29 қазанда Қазақстанның 15 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.
28.10.2025
-
Атырау облысында түйе жасөспірімге шабуыл жасады
Атырау облысының Құлсары қаласында түйе жасөспірімге шабуыл жасап, нәтижесінде ол жарақат алды, деп хабарлайды BAQ.KZ Atyrau OIL Telegram-арнасына сілтеме жасап.
28.10.2025
-
Ақтаудағы тұрғын үйде болған жарылыс: "QAZAQGAZ AIMAQ" түсініктеме берді
Ақтау қаласындағы тұрғын үйдің жертөлесінде болған жарылыстан кейін "QAZAQGAZ AIMAQ" АҚ Маңғыстау өндірістік филиалы оқиғаға қатысты ресми түсініктеме берді, деп хабарлайды BAQ.KZ Lada.kz-ке сілтеме жасап.
28.10.2025
-
АҚШ Мемлекеттік хатшысының орынбасары қазақ халқының қонақжайлығына тәнті болды
Елімізге іссапармен келген АҚШ Мемлекеттік хатшысының орынбасары Кристофер Ландау Алматы туралы әсерлі жазбасымен бөлісті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
28.10.2025
-
Қазақстан балуаны еркін күрестен Азия ойындарының чемпионы атанды
Қазақстандық балуан Бекасыл Асамбек еркін күрестен Манамада (Бахрейн) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
28.10.2025
-
1 қарашадан бастап судың ақысы жаңа әдістеме бойынша есептеледі
2025 жылғы 1 қарашадан бастап сумен жабдықтау және су бұру қызметтерінің көлемін есептеу бойынша жаңа әдістеме күшіне енеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
28.10.2025
-
Қазақстанның жағажай волейболшылары екі медаль иеленді
Қазақстанның жағажай волейболы құрамасы Бахрейннің Манама қаласында өткен III жасөспірімдер Азия ойындарындағы жарыс жолын аяқтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
28.10.2025