Шахтинскіде автобус жүргізушісі мен жолаушы төбелесті
Жанжал қоғамдық көліктің жүру бағытына байланысты туындаған.
Қарағанды облысының Шахтинск қаласында автобус жүргізушісі мен жолаушы төбелесіп қалған.
Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында полиция қызметкерлері Шахтинск қаласындағы аялдамалардың бірінде қоғамдық көлік жүргізушісі мен жолаушы арасындағы жанжал тіркелген бейнежазбаны анықтаған.
Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде оқиғаның барлық қатысушысы - автобус жүргізушісі мен 34 жастағы жолаушы анықталды. Алдын ала мәліметтер бойынша, ауызша жанжалға қоғамдық көліктің жүру бағытына байланысты туындаған түсініспеушілік себеп болып, соңы төбелеске ұласқан. Аталған факті бойынша жолаушыға қатысты әкімшілік іс қозғалды. Жиналған материалдар процессуалдық шешім қабылдау үшін сотқа жолданды. Полиция департаменті азаматтарды қоғамдық тәртіпті сақтауға, өзара құрмет көрсетуге және даулы жағдайларды тек құқықтық аяда шешуге шақырады, - деп хабарлады Қарағанды облысының ПД баспасөз қызметі.
Еске салайық, бұған дейін Қостанайда автобустың есігін сындырған «ашулы» жолаушы жауапқа тартылды.
Тағы оқи отырыңыздар:
Ұлытау облысында директор ақыл-есі кем туысын мектеп автобусының жүргізушісі етіп жұмысқа алған
Алматыдағы автобус паркіне 13 миллион теңгеден аса айыппұл салынды
Көлсайда автобус жартастан құлап кете жаздады
- Павлодар облысында 18 миллион теңгенің ауыл шаруашылығы жері мемлекетке қайтарылды 23:15
- Астанада бірқатар көше жөндеу жұмысына байланысты жабылады 22:44
- Алматыда интимдік қызмет көрсететін 430-дан астам пәтер анықталды 22:15
- Жексенбіде бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды 21:52
- Еуропа кубогы кезеңі: Диана Ержанова триатлоннан жасөспірімдер арасында жеңімпаз атанды 21:22
- Норвегиядағы алапат өрттен 100-ден астам үй жанып кетті 20:53
- Түркістанда «Шәмші әндері» өнер фестивалі өтіп жатыр 20:17