Сингапур, Жапония, Кореямен бірлескен жоба: Қазақстандық жас ревматологтарға қандай мүмкіндік бар?
Алматыда өтіп жатқан ревматологтардың конгресіне әлемнің жетекші сарапшылары жиналды.
Алматыда Қазақстан ревматологтарының IX конгресі және APLAR-QCR саммиті өтіп жатыр. Шараға әлемнің жетекші сарапшылары жиналды. Денсаулық сақтау министрлігінің бас штаттан тыс ревматологы және APLAR Азия-Тынық мұхиты елдері қауымдастығының вице-президенті Ғалымжан Тоғызбаев шараның мақсаты мен ерекшелігі туралы айтты.
Ғалымжан Тоғызбаевтың сөзінше, шара 15-тен астам елінен (Ұлыбритания, Жапония, Сингапур, Біріккен Араб Әмірліктері, Үндістан, сондай-ақ Еуразия өңірі мен Азия-Тынық мұхиты қауымдастығының елдері) келген жетекші мамандарды, ғалымдарды, клиницистерді және жас зерттеушілерді біріктірді. Сонымен қатар, Қазақстанның түкпір-түкпірінен ревматолог мамандар келген.
Азия-Тынық мұхиты аймағындағы әріптестер бүгін әлемдік ревматология мен Қазақстандағы ревматологияны дамыту мәселелері талқыланатын конгреске келді. Іс шараның маңызы денсаулық сақтау министрлігі жасап жатқан бағыт бойынша жасалып жатқан жұмыстардың халықаралық дәрежеге қаншалық тиімді болғанын айту. Қазақстанда ревмотология саласында жасалып жатқан шараның бәрі әлемдік деңгейге сай саналады. Біздің жобаларды таныстырып, шетелдік әріптестерімізбен жұмыс істеп жатырмыз, - дейді Ғалымжан Тоғызбаев.
Сонымен қатар, Ғалымжан Тоғызбаев халықаралық сарапшылардың пікірін бөлісті.
Қазақстандағы ревмотологияны халықаралық сарапшылар қалай бағалайтынын өздері айта жатар. Бірақ елде ревмотология саласында жасалып жатқан үрдістерді көріп, олар риза болып жатыр, - дейді маман.
Жас мамандарды қолдау
Ғалымжан Тоғызбаевтың сөзінше, шара барысында жас мамандарға ерекше көңіл бөлініп жатыр.
Жас мамандарды Сингапур, Жапония, Кореядан келген әріптестермен таныстырып, ары қарай олармен жобалар жасау үшін халықаралық мамандармен тығыз байланыстырып отырмыз. Бұл жастар үшін үлкен мүмкіндік. Жас ревматолог мамандардың ішінде конкурс өтеді. Оған 17 адам қатысады. Тек Қазақстан емес, Орталық Азия, Ресейдің жас мамандары қатысып жатыр. Бұл біздің мамандарға жақсы серпіліс береді деп ойлаймын, - дейді Ғалымжан Тоғызбаев.
Ғалымжан Тоғызбаевтың сөзінше, конгресс барысында ревматология саласында мүгедектің алдын алуға болатын жағдайлар талқыланған.
Қазіргі таңда псориазды артрит, ревматологты артрит деген аурулар бойынша сессия өтіп жатыр. Бұл аурулардың негізгі бағыты - оларды ертерек анықтаған жағдайда мүгедектіктің алдын ала аламыз. Осы мәселені халықаралық мамандармен талқылап жатырмыз, - дейді маман.
Ғалымжан Тоғызбаев қазақстандық мамандар шетелдік әріптестерімен енді тығыз байланыста болатынын атап өтті.
Іс шара барысында кардиология және ішкі аурулар ғылыми зерттеу институты Жапония мен Ресейден келген әріптестерімізбен келісімшарт жасаймыз. Бұл кардиология және ішкі аурулар ғылыми зерттеу институты халықаралық деңгейдегі университеттермен ревматология саласында байланысты болады деген сөз.
Халықаралық сарапшы не дейді?
Шараға қатысты Пәкістаннан келген маман Ниғат Ахмад пікір білдіріп, ревматологтар саммитіне жоғары баға берді. Дәрігер конгрестің жоғары деңгейде ұйымдастырылғанына ерекше тоқталды.
Бұл – өте тамаша конгресс, керемет саммит. Оны ұйымдастырған профессорлар да мықты мамандар. Соның ішінде профессор Галымжан Тогызбаевтың шақыруымен келіп отырмын. Өте жақсы команда осы конгресті ұйымдастырған, – деді ол.
Сондай-ақ Нихат Ахмад саммит аясындағы ғылыми пікірталастардың мазмұнды өтіп жатқанын атап өтті. Оның айтуынша, жас ғалымдар белсенді қатысып, халықаралық мамандар арасында тәжірибе алмасуға кең мүмкіндік жасалған.
Пікірталастар өте нәтижелі өтіп жатыр. Жас ғалымдар жақсы қатысуда, барлық қатысушының жұмысы үйлесімді ұйымдастырылған. Ұйымдастыру деңгейі өте жоғары, қызықты команда жиналған тамаша конгресс болып жатыр, – деді пәкістандық дәрігер.
Нихат Ахмад соңғы бірнеше жылда Қазақстандағы ревматология саласының дамуында айтарлықтай ілгерілеу бар екенін айтты.
Оның сөзінше, елде қызықты ғылыми зерттеулер жүргізіліп, жас ғалымдар мен резиденттерді даярлауға ерекше көңіл бөлінуде. Сонымен қатар клиникалық тәжірибе мен ғылым қатар дамып келе жатқаны маңызды рөл атқарады.
Соңғы жылдары Қазақстан ревматологиясының дамуында үлкен прогресс байқалады. Қызықты зерттеулер жүргізіліп жатыр, жас ғалымдар-резиденттермен жақсы жұмыс жасалуда. Клиника мен ғылымның қатар дамуы – өте маңызды фактор, – деді ол.
Сондай-ақ дәрігер конгресс аясында жас мамандарға арналған шеберлік сабақтары ұйымдастырылғанын атап өтті.
Оның айтуынша, ревматолог-резиденттер мен жас ғалымдарға УДЗ және басқа да өзекті бағыттар бойынша арнайы мастер-класстар өткізілген.
Бұл конгресс барысында және оған дейін де резиденттер мен жас ревматолог мамандарға арналған өте қызықты мастер-класстар өтті. Оның ішінде УДЗ бойынша және басқа да маңызды бағыттар қамтылды. Мұның бәрі болашақта Қазақстандағы ревматологияның одан әрі дамуына ықпал етеді, – деді Нихат Ахмад.
Айта кетейік, шараны ұйымдастырушылар Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институты және Қазақ ревматология алқасы.
Саммиттің негізгі тақырыптарының бірі – APLAR жас ревматологтарының клиникалық және көшбасшылық құзыреттері болды. Форум аясында 45 жасқа дейінгі мамандарға арналған жас ғалымдар секциясы өтті. Бұл алаң қатысушыларға өз зерттеу нәтижелерін халықаралық сарапшыларға ұсынуға, кәсіби баға алуға және ғылыми байланыстарын кеңейтуге мүмкіндік берді.
Сонымен қатар шетелдік жетекші мамандардың қатысуымен шеберлік сабақтары ұйымдастырылды. Күн тәртібіндегі маңызды мәселелердің бірі – 80-нен астам елден 2000-нан астам ревматологты жинайтын APLAR 2029 Конгресін өткізуге дайындық болды.