17,5 млн теңге берешек: Өскеменде 53 дәрігер екі ай бойы жалақы алмаған
ШҚО прокуратурасы балалар стоматологиялық емханасы жұмыскерлерінің еңбек құқықтарын қалпына келтірді
Өскеменде 53 стоматолог-дәрігер екі ай бойы жалақы алмаған.
Прокуратура азаматтардың конституциялық құқықтарының сақталуына жүргізілген талдау аясында «Балалар стоматологиялық емханасы» ШЖҚ-дағы МКК қызметінен еңбек заңнамасының бұзылуын анықтады.
Медициналық мекеме басшылығының еңбекақы төлеу бойынша міндеттемелерін орындамауы салдарынан екі айдан астам уақыт бойы 53 қызметкердің алдында жалақы бойынша берешек түзілгені анықталды. Прокурорлық қадағалау актісі бойынша медицина қызметкерлерінің заңды құқықтары қалпына келтіріліп, 17,5 млн теңгеден астамсомадағы жалақы қарызы толық көлемде өтелді. Еңбек заңнамасының сақталуы мәселелері прокуратура органдарының тұрақты бақылауында, - деп хабарлады Шығыс Қазақстан облысы прокуратурасының баспасөз қызметі.
Еске салайық, бұған дейін министрлік Қазақстанда жалақының неге төмендегенін түсіндіре алмады.