Все новости за 15 желтоқсан 2025
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
Қысқы уақытта Павлодарда 24 мұз айдыны жұмыс істейді
Мұз айдындарының төртеуінде келушілерге коньки тегін беріледі. Барлық алаңдарды 20 желтоқсанға дейін іске қосу жоспарланған, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
БҚО-да боранда хабарсыз кеткен тағы бір адам өлі табылды
Батыс Қазақстан облысында хабар-ошарсыз кеткен төрт адамның үшеуінің денесі табылғаны, тағы бірі әлі іздестіріліп жатқаны бұған дейін хабарланған. Өкінішке қарай, соңғысы да өлі күйінде табылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Шымкенттен Грузияға жаңа әуе бағыты ашылады
Көлік министрлігі ұшу географиясын кеңейту және халықаралық рейстер санын арттыру бағытында тұрақты жұмыс жүргізуде, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Ауа райының қолайсыздығына байланысты 9 облыста жолдар жабылды
Тоғыз облыста ауа райының қолайсыздығына байланысты жолдар жабылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қар, бұрқасын: 16 желтоқсанда барлық өңірде дабылды ескерту жарияланды
Синоптиктер 16 желтоқсанда Қазақстан аумағының барлық өңірінде және елордада дабылды ескерту жариялады. Көктайғақ болады, қар жауады, бұрқасын соғады және тұман түседі, деп BAQ.KZ "Қазгидрометке" сілтеме жасап.
-
Түркістанда дәрігерлер қызылшамен ауырған жүкті әйел мен баланы құтқарды
Түркістан ауруханасында дәрігерлер қызылшаның ауыр асқынуларымен түскен жүкті әйел мен баланы құтқарып қалды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қазақстанда рұқсатсыз фейерверк атқандарға айыппұл салынады
Қазақстанда IV санаттағы қуатты пиротехниканы, соның ішінде ірі фейерверктерді қолдануға ҚР Ішкі істер министрлігінің лицензиясы бар заңды тұлғаларға ғана рұқсат етіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі ІІМ-ге сілтеме жасап.
-
Боран мен көктайғақ: 7 облыста жол жабылды
2025 жылғы 15 желтоқсан сағат 18:30-дағы жағдай бойынша елдің жеті облыстың республикалық маңызы бар 16 автожолында қозғалысқа шектеу енгізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі "ҚазАвтоЖолға" сілтеме жасап
-
Ақмола облысында педофил өмір бойына бас бостандығынан айырылды
Ақмола облысында педофилге өмір бойына бас бостандығынан айыру үкімі шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Жетісудағы мәдениет мекемелеріне автокөліктердің кілті табысталды
Тәуелсіздік күні қарсаңында Жетісу облысында жергілікті мәдениет мекемелеріне автокөліктер берілді. Облыс әкімінің атынан техника кілттерін орынбасары Диас Есдәулетов табыстады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Өзін-өзі жұмыспен қамтушылар үшін салық жеңілдіктері қалай жұмыс істейді?
Қазақстанда 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап жаңа Салық кодексі бойынша өзін-өзі жұмыспен қамтушыларға арналған арнайы салық режимі енгізіледі. Бұл режим аз мөлшерде табыс табатын азаматтарды, сондай-ақ қызметкерлерді тартпай, іс-шараларды эпизодтық негізде жүзеге асыратындарды, оның ішінде интернет-платформалар арқылы жұмыс істейтіндерді қолдауға бағытталған. ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті BAQ.kz редакциясының сауалына берген жауабында жаңалықтың егжей-тегжейін түсіндіріп, қандай тұлғалар осы режимді пайдалана алатынын нақтылады.
-
Әйел бұрынғы күйеуінің шотындағы ақшаны білу үшін сотқа өтініш берді
Ажырасқан әйел бұрынғы күйеуінің шотындағы ақшаны білу үшін сотқа өтініш берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қазақстандықтар 2025 жылды қалай бағалады? – Сауалнама нәтижелері
2025 жылдың қорытындыларын талдау мақсатында Қазақстанның барлық өңірін қамтыған және 1000 респонденттің қатысуымен жалпыұлттық әлеуметтанулық сауалнама өткізілді. Зерттеу нәтижелері азаматтардың өтіп бара жатқан жылды оң бағалайтынын байқатады. Жаһандық тұрақсыздық жағдайында мұндай нәтиже қоғамның болып жатқан өзгерістерге бейімделу деңгейінің жоғары екенін көрсетеді, деп хабарлайды BAQ.KZ Ұлттық зерттеу орталығына сілтеме жасап.
-
Қостанайда заңсыз бетон зауыттары анықталды
Қостанай облысында экологиялық заңнаманы бұза отырып жүргізілген заңсыз өнеркәсіптік қызмет фактілері анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Астанада автобус бағанға соғылды
Астанада автобус бағанға соғылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қазақстанда доллар қайта арзандай бастады
15 желтоқсанда Қазақстандағы сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы қандай болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
БҚО-да боран кезінде жоғалған 3 адамдың денесі табылды
Батыс Қазақстан облысында облысында боран кезінде жоғалған 3 адамдың денесі табылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Шымкенттен Тбилисиге тікелей рейстер ашылды
Көлік министрлігі ұшу географиясын кеңейту және халықаралық рейстер санын арттыру мақсатында Шымкент – Тбилиси бағыты бойынша Грузияға жаңа әуе бағытын іске қосты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Ұлт оқитын кітаптар бір жерде: «Әдебиет» порталының жаңа бастамасы
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайда қазіргі ұрпақ кітап құмар болып өсуі керектігін айтқан еді. Сол бастамамен 23 сәуір «Ұлттық кітап күні» болып бекітіліп, ұлттық сауалнама жүргізілген болатын. Нәтижесінде ұлт оқитын 100 кітап сауалнама қорытындысы арқылы іріктелді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Сыңарын тастамаған аққу: Мұзға жабысып қалған құсты тұрғындар құтқарды
Мұзға жабысып қалған аққуларды құтқарды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қайтарылған активтер қаражатына спорт кешені салынды
Мемлекет басшысының 2025 жылғы наурызда Ұлттық құрылтайдың IV отырысында берген тапсырмасын орындау аясында Көкшетауда Kokshe Arena заманауи көпфункционалды спорт кешенінің ашылуы өтті. Нысан Арнаулы мемлекеттік қор қаражаты есебінен тұрғызылды. Бұл мақсатқа Үкімет 12,6 млрд теңге бөлді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Заң мен тәртіп: Азаматтардың құқықтық сауаты артып келеді
2025-2026 жылдары «Human Rights Lawyers» қоғамдық қоры «Азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, заңды мүдделерін қорғау» жобасын іске асыруда, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
«Онлайн медицина»: Ауыл тұрғындарына қашықтан 40 мыңға жуық қызмет көрсетілді
15 қыркүйектен бастап Қазақстанда «Онлайн медицина» жобасы басталды, ол ең шалғай ауылдық өңірлердің тұрғындары үшін медициналық көмекті жақын әрі қолжетімді етуге бағытталған, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
100 адамнан түскен 1 млн теңге: "Бата жинау", "Құттықтау" аударымдары қалай тексеріледі?
2026 жылдан бастап Қазақстанда мобильді аударымдарды тексеру жаңа тәртіппен жүргізіледі. Жасырын кәсіпкерлікке күдік туған жағдайда салық органдары азаматқа хабарлама жіберіп, есепшотты бұғаттауы мүмкін, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Тұрғындар Тәуелсіздік туралы не дейді?
Тәуелсіздік күні – әр азамат үшін әрқалай мағына береді. Бірі үшін бұл - тарихи әділеттің орнауы, енді бірі үшін бүгінгі еркін өмірдің кепілі. Осы мереке қарсаңында BAQ.KZ тілшісі қала тұрғындарынан мереке туралы ой толғау сұрады.
-
Олимпиада жүлдегері Дәулет Шабанбай 3 жылға сотталды
Павлодар қаласында еркін күрестен қазақстандық балуан, Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Дәулет Шабанбайға қатысты қылмыстық іс бойынша сот үкімі шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Танымал режиссер мен оның жұбайы үйінен өлі табылды
Құқық қорғау органдары оқиғаны адам өлтіру дерегі ретінде тергеп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі ВВС агенттігіне сілтеме жасап.
-
Баланы ұрып оқытқан логопедке қатысты тексеріс басталды
Әлеуметтік желіде логопед-оқытушының баланы ұрған сәтін бейнелейтін видео тарады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Павлодар мұнай-химия зауыты сатыла ма?
Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Павлодар мұнай-химия зауытын сату туралы тараған ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Астанадағы қолайсыз ауа райы: әуежайда рейстер кешіктіріліп жатыр ма?
Астана халықаралық әуежайы қолайсыз ауа райына қарамастан қалыпты режимде жұмысын жалғастырып жатыр. Қазіргі уақытта ауа райына байланысты рейстердің кешіктірілуі тіркелген жоқ, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қазақстанда Жаңа жылға орай кімдерге әлеуметтік төлемдер берілетіні белгілі болды
Жыл соңына таяған сайын көпбалалы отбасылар, зейнеткерлер мен мүгедектігі бар адамдар арасында қосымша әлеуметтік төлемдер мәселесі ең өзекті тақырыптардың біріне айналады. BAQ.KZ тілшісі өңірлердің жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармаларынан ресми жауап алып, 2025 жылы Жаңа жылға орай төлемдер қарастырылған-қарастырылмағанын, сондай-ақ 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне қандай қолдау шаралары көрсетілетінін анықтады.
-
Жағажайдағы қанды оқиға: Әке мен баланың шабуылынан 15 адам көз жұмды
Мереке өтіп жатқан сәтте жаппай атыс болып, 15 адам қаза тапты. Тағы 40 адам түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі ВВС агенттігіне сілтеме жасап.
-
"Жұлдыз болғым келеді": Балалар үйінің 4 тәрбиеленушісі Дубайға жолдама ұтып алды
Астанада ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және балалар үйінің тәрбиеленушілері арасында өткен “Жұлдыз болғым келеді” республикалық вокалдық байқауы өз мәресіне жетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Ақылы жолда төлем жасау ережелері өзгереді
Көлік министрлігі ақылы жолдардағы төлем жасау ережелерін жеңілдетуді жоспарлауда, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Екі ЖЭО құрылысы бойынша Ресейден әзірге жауап жоқ – Энергетика министрлігі
Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов ведомствода өткен брифингте үш жылу электр орталығын (ЖЭО) салу барысына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Каспий құбыр консорциумы үшін БАӘ-де жасалған екі жаңа құрылғы жеткізіледі
Каспий құбыр консорциумына келтірілген зақымданудан кейін қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Осы орайда жаңа қондырғыларды тезірек жеткізу жоспарланған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
КҚК-ні жөндеу неге созылып жатыр: Энергетика министрі түсіндірді
Новороссийск қаласындағы Каспий құбыр консорциумы (КҚК) терминалында жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстары қолайсыз ауа райына байланысты күрделене түсті. Бұл туралы брифингте Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қазақстан мұнайының 80%-ы КҚК арқылы тасымалданады
Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Новороссийск теңіз порты акваториясында Каспий құбыр консорциумының (КҚК) инфрақұрылымына жасалған шабуылға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Алдағы күндері -28°С дейін аяз көтеріліп, боран соғады
16-18 желтоқсан күндері Қазақстанның көп бөлігінде кең циклон әсерінен ауа райы күрт өзгереді. Қар жауып, боран соғады және тұман күтіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.
-
Семей мен Өскемендегі ЖЭО-ны кім салатыны белгілі болды
Қазақстан елдің шығысында жылу электр орталығын өз күшімен салуы мүмкін, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
7:30-да басталатын жұмыс Астанада кептелісті азайта алды ма?
Астанада мемлекеттік мекемелердің жұмыс кестесін өзгерту көлік жүктемесін айтарлықтай төмендетіп, негізгі магистральдардағы қозғалысты жеңілдетті. Пилоттық жоба нәтижесінде таңертеңгі қарбалас уақытында бірқатар көшеде көлік ағыны азайып, ең көп жүретін бағыттар бойынша орташа жүру уақыты қысқарған.
-
Энергетика министрлігі жарық тұтыну туралы: Уақыт ауысса да, тұтыну шарықтаған жоқ
Энергетика министрлігі бірыңғай уақыт белдеуіне (UTC+5) көшу өңірлерде электр энергиясын тұтынудың айтарлықтай өсуіне әкелмегенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Жаңа жылға дейін ең төменгі жеткіліктілік шегімен зейнетақы жинағын алу үшін не істеу керек?
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда зейнетақы жинақтарының жеткіліктілік шектері орташа есеппен 10 % көбейеді. Яғни, жаңа жылдан бастап бүгін Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан (БЖЗҚ) алуға болатын соманың бір бөлігі қолжетімсіз болады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Ұлттық банк жаңа монеталарды айналысқа шығарады
Қазақстан Ұлттық банкі «Қазақстанның әдет-ғұрыптары, ұлттық ойындары» монеталар сериясынан QAZAQ KÚRESI коллекциялық монеталарын айналысқа шығарады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Тәуелсіздік жылдарындағы жетістік: Қазақстанның саяси трансформациясы
16 желтоқсан – Қазақстан халқы үшін ең маңызды мерекелердің бірі. Тәуелсіздік күні – елдің егемендігін жариялап, өз даму жолын таңдаған тарихи күн. Бұл мереке тек өткенді еске алып қана қоймай, болашаққа сеніммен қарауға мүмкіндік береді. Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан тек экономикалық тұрғыдан ғана емес, қоғамдық-саяси бағытта да айтарлықтай өзгерістерді бастан өткерді. Елдің саяси жүйесі жаңғыртылып, азаматтардың мемлекет ісіне қатысуы артты.
Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстанның саяси трансформациясын Baq.kz тілшісінің шолуынан толығырақ оқи аласыздар.
-
Тоқаев 3 күннен кейін ресми сапармен Жапонияға барады
18-20 желтоқсанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ресми сапармен Жапонияға барады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қазақстанда әлеуметтік төлемді қалай тез алуға болады
Қазақстанда жұмысынан айырылған азаматтар Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры есебінен бір айдан алты айға дейін әлеуметтік төлем ала алады. Төлемді алу тәртібі толықтай цифрландырылып, eGov.kz пен enbek.kz арқылы жеңілдетілген.
-
Қазақстанда орташа жиынтық зейнетақы 179 мың теңгеге жетті
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес базалық зейнетақы мөлшерін кезең-кезеңімен арттыру жалғасуда.
-
Астаналық оқушылар түстен кейін де қашықтан оқитын болды
Бұл туралы қаланың білім басқармасы мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Астанада көтергіштің сым арқаны үзіліп, жұмысшы қаза тапты
Астанада тұрғын үйдің сыртын жөндеу жұмыстары кезінде көтергіштің сым арқаны үзіліп, жұмысшы қаза тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Әлемде: Сиднейдегі теракт, Украина келіссөздері және Венесуэладағы жағдай
BAQ.KZ тілшісі бір тәулік ішінде болған маңызды халықаралық жаңалықтар топтамасын ұсынады. Бұл шолуда әлемдегі жалпы жағдайды көрсететін оқиғалар қамтылады.
-
Астанадағы тозығы жеткен үйлер қалай жаңартылады?
Бүгінде тұрғын үй кешендерін бұзу туралы сот шешімдері орындалмай, тұрғындар нүктелік және тығыз құрылыс салдарының зардаптарын әлі де тартып келеді. Бұл мәселені бұған дейін Мәжіліс отырысында депутат Бақытжан Базарбек көтерген болатын. Ол рұқсат беру құжаттарынсыз салынған үйлерге, нысаналы мақсатына сай емес жерлерде орналасқан объектілерге, сондай-ақ инженерлік желілерсіз немесе қажетті келісімдерсіз құрылыс жұмыстары жалғасып жатқан аумақтарға назар аударды. Осындай тәуекелдерді мемлекет қалай жоюды жоспарлап отырғанын түсіну үшін BAQ.KZ тілшісі тиісті министрліктен түсініктеме сұратты.
-
Еңбек демалысында болса да іс жүргізген: 12 жеке сот орындаушысы лицензиясынан айырылды
Шымкентте өздері еңбек демалысында болса да көмекшілері атқарушылық іс жүргізген 12 жеке сот орындаушысы мемлекеттік лицензиясынан айырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Айбек Смадияров жаңа қызметке тағайындалды
Айбек Смадияров жаңа қызметке тағайындалды, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
-
Соңғы жарты жылда 26 млн мемлекеттік қызмет онлайн көрсетілді
Биылғы соңғы алты айда қазақстандықтар 26 миллионнан астам мемлекеттік қызметті онлайн форматта алды. Бұл туралы Электрондық үкіметтің дерегінде айтылды, деп хабарлайды BAQ.KZ 24.kz-ке сілтеме жасап.
-
Жұмыссыз қалған 331 мың қазақстандыққа әлеуметтік төлем тағайындалды
2025 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (МӘСҚ) жұмысынан айырылуына байланысты 331,7 мың адам әлеуметтік төлем алды. Биыл 289,8 мың адамға төлем алғаш рет тағайындалған. Төлемдердің жалпы сомасы 118,5 млрд теңге болды, деп хабарлайды BAQ.KZ Еңбек және халықты әлеуметтік қолау министрлігіне сілтеме жасап.
-
Президент тапсырмасы: Қазақстанда ШОБ-тың экономикадағы үлесі 40%-ға жақындады
Президенттің шағын және орта бизнесті (ШОБ) қолдау жөніндегі тапсырмаларын орындау Үкімет жұмысының басым бағыты болып қала береді. Қабылданған жүйелі шаралардың нәтижесінде соңғы жылдары ШОБ-тың ел экономикасындағы үлесі тұрақты өсіп келеді, деп хабарлайды BAQ.KZ Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
-
Бүгін Қазақстан қалаларында ауа сапасы қалыпты деңгейде
Бүгін, 15 желтоқсанда Қазақстан аумағында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар болмайды. Бұл туралы «Қазгидромет» РМКмәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қарағандыдағы тұрғын үйде үш бала лифт ішінде қалып қойды
Қарағандыда ТЖМ құтқарушылары лифт ішінде қалып қойған балаларға көмек көрсетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Чилидегі президент сайлауының нәтижесі белгілі болды
Чилиде өткен президенттік сайлауда оңшыл республикалық партия өкілі Хосе Антонио Каст жеңіске жетіп, елдің келесі президенті атанды, деп хабарлайды BAQ.KZ ВВС-ге сілтеме жасап.
-
Кредит нарығындағы өзгеріс: Кімге қарыз берілмейді, кімге жеңілдік бар?
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі BAQ.KZ редакциясының ресми сауалына берген жауабында елдегі кредит нарығын реттеу бойынша қабылданып жатқан негізгі өзгерістер мен жоспарларды түсіндірді.
-
Мадуро: Венесуэла ұлттық қорғаныс жүйесін жетілдірді
Венесуэла әскери шапқыншылық қаупіне байланысты ұлттық қорғаныс жүйесін күшейтіп, оны жаңғыртты.
-
Бүгін бірінші ауысымның оқушылары қашықтан оқиды
Бүгін Астана қаласында бірінші ауысымның 0-6 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылады, деп хабарлайды BAQ.KZ Астана қаласы әкімдігіне сілтеме жасап.
-
Колумбияда мектеп автобусы апатқа ұшырап, 16 адам көз жұмды
Колумбияда мектеп оқушыларын тасымалдап келе жатқан автобус жол апатына ұшырап, салдарынан кемінде 16 адам қаза тапты. Бұл туралы El Tiempo басылымы жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Бүгін халықаралық қауымдастық алғаш рет Түркі тілдері күнін атап өтеді
Бүгін, 15 желтоқсанда халықаралық қауымдастық алғаш рет Дүниежүзілік Түркі тілдері күнін атап өтеді. Бұл күнді белгілеу туралы шешім қараша айында Самарқанд қаласында өткен ЮНЕСКО-ның Бас конференциясында қабылданған, деп хабарлайды BAQ.KZ Report-қа сілтеме жасап.
-
Қоғамдағы әйелдердің рөлі: дәстүрден заманауи миссияға дейін
Қоғам дамуының өлшемі – оның теңдігі мен әділдігіндегі тепе‑теңдікте. Осы тепе‑теңдіктің жартысын құрайтын – әйелдер. Қазақстандағы әйелдер тек отбасының тірегі ғана емес, елдің экономикасын, білім мен мәдениетті, цифрлық және қоғамдық өмірді қалыптастырушы белсенді азаматтарға айналып келеді.
-
Сиднейдегі жағажайда болған атыстан қаза тапқандар саны 15-ке жетті
Жаңа Оңтүстік Уэльс полициясы Сиднейдегі Бонди жағажайында болған атыс салдарынан 15 адам, оның ішінде бір баланың қаза тапқанын мәлім етті. Қаза тапқандардың жасы 10-нан 87 жасқа дейін, деп хабарлайды BAQ.KZ ВВС-ге сілтеме жасап.
-
АҚШ пен Украина Берлиндегі келіссөздерде прогреске жетті – Уиткофф
Берлинде өткен келіссөздер барысында Америка Құрама Штаттары мен Украина делегациялары бірқатар маңызды бағыттар бойынша елеулі прогреске жетті. Бұл туралы АҚШ президентінің арнайы өкілі Стивен Уиткофф мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
-
Үндістан Делидегі ауаның ластануына қарсы шараларды күшейтті
Үндістан билігі ел астанасы Делиде ауа сапасының рекордтық төмен деңгейге түсуіне байланысты ластануды шектеу шараларын күшейтті, деп хабарлайды BAQ.KZ Reuters-ке сілтеме жасап.
-
Ердоған: Түркияның Газаға қатысты ұстанымы өзгермейді
Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Анкараның Газа секторындағы дағдарысты реттеу мәселесіне қатысты ұстанымы өзгеріссіз қалатынын айтты. Бұл туралы ол Стамбулда жоғары оқу орындарының студенттерімен кездесу барысында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
Наверх