Все новости за 11 мамыр 2021
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
Назарбаев Қазақ хандығына арналған мемориалдың ашылу рәсіміне қатысты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан қаласына сапары барысында Елбасы Қазақ хандығына арналған мемориалдың ашылу рәсіміне қатысты, сондай-ақ «Тұңғыш Президент саябағын» одан әрі абаттандыру жоспарымен танысты.
-
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік қылмыстық процестің жаңа форматтағы жұмысын көрсетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бас прокурор Ғизат Нұрдәулетов ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Марат Ахметжановпен бірге елордалық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментіне барды.
-
Жұмыспен қамту орталықтарының қызметін онлайн алуға болады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның барлық өңірлерінің тұрғындары ағымдағы жылдың мамыр айынан бастап Enbek.kz Электрондық еңбек биржасы порталы арқылы халықты жұмыспен қамту орталықтарының қызметтерін қашықтықтан ала алады.
-
Қазақстан мен Моңғолия экономикалық ынтымақтастықты кеңейтеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Елшісі Жалғас Әділбаев Моңғолия Сыртқы істер министрлігінің Мемлекеттік хатшысы Анхбаяр Нямдоржбен кездесті.
-
Сыртқы істер министрі Брюссельде бірқатар кездесу өткізді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Брюссельге сапары барысында бірқатар екіжақты кездесулер өткізді.
-
СІМ арнайы мәлімдеме жасады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Шығыс Иерусалимдегі зорлық-зомбылықтың өршуіне және Палестина-Израиль қатынастарының шиеленісуіне қатысты арнайы мәлімдеме жасады.
-
Риддердегі өрт. Сенаторлар бір күндік еңбекақыларын аударды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысының Риддер қаласында болған жойқын өрттің салдарынан ондаған үй отқа оранып, жанып кетті. Өкінішке қарай, адам шығыны да тіркелді.
-
Ерейментау станциясында 10 жастағы оқушыны пойыз қағып кетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 10 мамыр күні Ерейментау станциясында 10 жастағы оқушыны пойыз басып кетті. Бұл туралы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі мәлімдеді.
-
Қызылорда облысында өрт шығу қаупі азайған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Руслан Қайрақбаев мәлімдеді.
-
Ақтоғай алпауытқа айналмақ
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы KAZ Minerals тобы директорлар кеңесінің төрағасы Олег Новачукті қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
-
«ГОК» фильмінің үшінші бөлімі таныстырылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «ГОК» қысқа метражды фильмдер сериясының үшінші эпизоды ұсынылды. Қылмыстық драма жанрында түсірілген жоба Қазақстандағы сыбайлас жемқорлық пен шенеуніктердің озбырлығы мәселелерін көркем картина арқылы жеткізуге тырысады.
-
Жеке құрамның 80 пайыздан астамы екпе алды - министрлік
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қорғаныс министрлігіндегі аппарат кеңесінде өткен апта қорытындыланып, әскердің қазіргі тыныс-тіршілігіне қатысты мәселелер қаралды.
-
Риддердегі өрт ауыздықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылғы 11 мамырда 18 сағат 20 минутта Риддер қаласындағы орман өрті 287,4 га алаңда ауыздықталды. Бұл туралы ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли хабарлады.
-
Грузиядағы қазақстандықтың өлімі: Атышулы істі грузиялық адвокат қолға алды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Грузиядағы «Сафари» құқық қорғау ұйымы Тбилисиде жұмбақ жағдайда қаза болған Әсел Айтпаеваның анасы Айсұлу Айтпаеваға адвокаттың тегін көмегін ұсынды.
-
Талғат Ермегияевтің баласы Елбасы мен Президентке өтініш жасады
Нұр-Сұлтан. BAQ.KZ тілшісі. 14 жылға сотталған «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының экс-басшысының (қазір QazExpoCongres болып өзгерген) Талғат Ермегияевтің ұлы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа өтініш жасады.
-
Қазандағы қайғылы оқиға: Тоқаев Путинге көңіл айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинге көңіл айту жеделхатын жолдады.
-
Нұр-Сұлтанда қанша адам КВИ-ге қарсы вакцина алғаны анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтанда вакцинациялау басталғаннан бері 1-компонентпен 128 мың 700 адам, 2-компонентпен 52 000-нан астам адам вакцинацияланды.
-
Риддердегі өрт: Экология министрлігі бір күндік жалақысын аударады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің қызметкерлері Шығыс Қазақстан облысының Риддер қаласында орман өрттерінен зардап шеккендерді қолдау үшін бір күндік жалақысын аударады.
-
Жолаушыларды ашындырған Ashyq: Астаналық әуежай кептелістің неден туындағанын түсіндірді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Нұр-Сұлтан әуежайының кіреберісінде адамдар кептеліп қалды. Бұл оқиғаға қатысты әуежай баспасөз қызметі түсініктеме берді, деп хабарлады zakon.kz.
-
Астанадағы Фахт Бен Абдул Азиз көшесіндегі учаске жабылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорданың Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Нұр-Сұлтан қаласы ПД әкімшілік полиция басқармасымен бірлесіп, Фахт бен Абдул Азиз көшесін орташа жөндеу жұмыстарының басталғанын мәлім етті.
-
Назарбаев Түркістандағы «Тұңғыш Президент саябағын» абаттандыру жұмысымен танысты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Түркістанға сапары кезінде жаңа нысандармен танысты.
-
Қазандағы мектепте атыс ұйымдастырған азамат анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазіргі уақытта Қазан мектебінде атыс салдарынан 11 адам қаза тауып, тағы 18 адам жарақат алғаны белгілі.
-
Тұңғыш Президент Түркістанға барды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Twitter-дегі парақшасында жазды.
-
Елбасы Қазандағы қайғылы оқиғаға байланысты көңіл айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның Тұңғыш Президенті Татарстан астанасындағы мектепке қарулы шабуыл жасалып, адамдардың қаза табуына байланысты Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинге көңіл айту жеделхатын жолдады.
-
Елордадағы мектептен 175 адам эвакуацияланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Полицияның «102» арнасына сағат 11.32-де «Астана Garden School» жекеменшік мектебінің электрондық поштасына жарылғыш зат салынғаны туралы хабарлама келіп түсті.
-
Академик Алмаз Шарман екпе адамдарға әртүрлі әсер етіп жатқанына қатысты жауап берді
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы қаласы өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Қазақстан профилактикалық медицина академиясының президенті Алмаз Шарман COVID-19-ға қарсы жүргізіліп жатқан вакцинация төңірегіндегі сұрақтарға жауап берді.
-
Тоқаев Қазақстан мен Македонияда сотталғандарға қатысты заң қабылдады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы үш бірдей заңға қол қойды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
-
Алматыда онлайн-несие құрбандары көбейді – полиция
Алматы, BAQ.KZ. Алматы полициясы қалада онлайн-несие жүйесінің құрбандары көбейгенін айтып, дабыл қағуда.
-
Желіде Қырғызстаннан ауруға шалдыққан малдың еті әкелінді деген бейнежазба тарады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. WhatsApp мессенджерінде кадр сыртындағы дауыс Қырғызстаннан елімізге құтыру ауруына шалдыққан малдың еті әкелініп жатқаны туралы айтқан бейнеролик тарады.
-
Моңғолиялық оқушылар жазғы каникулға ерте шығатын болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Коронавирустың өршуіне байланысты Моңғолия елі оқушыларды жазғы каникулға әдеттегіден ерте жіберу жөнінде шешім қабылдады, деп жазды centralasia.media.
-
Алматыда санақ жүргізетін қызметкерлер іріктеліп жатыр
Алматы, BAQ.KZ. Қазақстанда 2021 жылдың 1 қыркүйегінен 30 қазан аралығында кезекті ұлттық халық санағы өтеді. Соған байланысты Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Алматы қаласы бойынша департаменті өтеулі қызмет көрсету шарты бойынша санақ персоналын іріктеу туралы конкурс жариялайды.
-
Мәжілісмендер де Риддерде зардап шеккендерге бір күндік жалақысын аударды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Палата спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Мәжіліс Бюросы Риддердегі тұрғындарға көмек көрсету үшін Мәжіліс депутаттарының бір күндік жалақысын аудару туралы Қаулы қабылдады.
-
Түркістан облысына «Hayat-Vax» вакцинасының 17 мың дозасы жеткізілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысында коронавирусқа қарсы вакцина салдыру пункттерінің саны артты. Бұған дейін Түркістан облысы бойынша 80 медициналық мекемелерде инфекцияға қарсы вакцинациялау жұмыстары жүргізіліп келді.
-
Татарстандағы мектепте атыстан бөлек, жарылыс та болған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Ресейлік БАҚ өкілдері хабарлайды.
-
Сенаторлар Риддердегі өрттен зардап шеккендерге бір күндік еңбекақысын аударды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысының Риддер қаласында болған алапат өрттің салдарынан ондаған үй толықтай өртеніп кетті. Өкінішке орай, қайғылы жағдай адам өліміне әкеліп соқты.
-
Татарстандағы мектепте атыс болып, 11 адам қаза тапты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазан қаласында мектепте атыс болды, деп жазды Хабар24.
-
Түркістанда отбасылық зорлық-зомбылық азайған
Түркістан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Отбасында зорлық-зомбылыққа жол жоқ десек те, жыл сайын құқық қорғау органдарына араша сұрап келетіндердің қатары азаймай тұр. Дегенмен, 2021 жылдың 3 айында тұрмыста жасалған құқық бұзушылықтар бойынша азаматтардан келіп түскен арыз-шағымдар 76 пайызға төмендеген. Бұл туралы Түркістан облысы Полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасы әйелдерге қарсы зорлық-зомбылықтан қорғау тобының аға инспекторы, полиция подполковнигі Жанар Қалабаева мәлімдеді.
-
Қытайда халық саны 1,4 млрд-тан асты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қытайда халық саны соңғы 10 жылда 5,4 процентке, яғни 72 млн-ға артты. Бұл жетінші жалпыұлттық халық санағының нәтижесі.
-
Қарағанды облысында тұрғын үй құрылысы 12%-ға артты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысында тұрғын үй құрылысының қарқыны жоғары. Алдын ала қорытынды бойынша, төрт айда 160 мың шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға беру күтілуде, бұл 2020 жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 12,7%-ға өседі.
-
Шорт-тректен Қазақстан командасы Уфада жаттығуға кірісті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шорт-тректен Қазақстан командасы Уфада (Ресей, Башқұртстан) жаттығу жиынын өткізіп жатыр деп жазады Olympic.kz.
-
Санитарлық талаптар сақталғанда ғана соңғы қоңырауды өткізуге рұқсат беріледі – Аймағамбетов
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Білім және ғылым министрлігінің аппарат жиналысында министрі Асхат Аймағамбетов соңғы қоңырауды өткізуді ұйымдастыруға қатысты пікірін айтты.
-
Маған жала жауып, орнымнан кетіргісі келеді – судья Светлана Жолманова
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Парамен ұсталды деген Алматы қаласы Медеу аудандық сотының судьясы Светлана Жолманова онлайн брифинг өткізіп, жағдайдың қалай болғанын түсіндірді.
-
Әшімбаев: Карантиннен кейін бүгін қайтадан қалыпты жұмыс форматына көштім
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаевтың соңғы тапсырған екі ПТР сынамасының нәтижесі ойдағыдай болып, індеттен жазылып шықты.
-
Соңғы қоңырау. Мұғалімдерге сыйлық алуға рұқсат етілмейді – БҒМ
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Білім және ғылым министрлігінің аппарат жиналысында вице-министр Шолпан Каринова мұғалімдерге соңғы қоңырауға байланысты оқушылардан сыйлық алуға тыйым салынатыны туралы айтты.
-
Өрттен зардап шеккендерге жатақханалардан орын ұсынылды – Әбділов
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ШҚО ТЖ департаменті бастығының орынбасары азаматтық қорғау полковнигі Қанат Әбділов Риддердегі өрт бойынша өткен брифингте брифингте айтты.
-
Биыл түлектер үшін мектепте соңғы қоңырау өтеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Білім және ғылым министрлігінің аппарат жиналысында оқу жылының аяқталуы және соңғы қоңырау іс-шараларын ұйымдастыру туралы вице-министр Шолпан Каринова айтып берді.
-
ШҚО-дағы өрт бойынша күдікті ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ШҚО Полиция департаменті бастығының орынбасары полиция подполковнигі Елдос Закимов Риддердегі өрт бойынша өткен брифингте брифингте айтты.
-
АҚШ-та жасөспірімдер вакцина ала бастайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. АҚШ-тың FDA медициналық реттеушісі 12-16 жас аралығындағы жасөспірімдерге коронавирусқа қарсы Pfizer/BioNTech вакцинасын қолдану жөнінде шешім шығарды деп жазды, korrespondent.net.
-
Риддерде өрттің салдарынан ТЖ режимі жарияланады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли министрліктер үйі алдында ШҚО-дағы орман өрті салдарынан Риддерде төтенше жағдай режимі енгізілетінін хабарлады.
-
Алматыда бір тәулікте 430 коронавирус жұқтыру оқиғасы тіркелді
Алматы, BAQ.KZ. 10 мамыр күні қалада коронавирустық инфекцияның 430 жаңа жағдайы тіркелді, оның 401 симптомдық белгілері бар және 29 симптомсыз.
-
Елдің батысында заңсыз балық аулағандар анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ІІМ ресми өкілі Нұрділда Ораз ішкі істер министрлігінің дәстүрлі брифингте айтты.
-
ІІМ білім беру орындарына қалай түсуге болады?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР ІІМ Кадр саясаты департаменті Ведомстволық білім беруді ұйымдастыру басқармасының Ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Қанатбек Қарабеков ІІМ-нің дәстүрлі брифингте айтты.
-
ТЖМ Риддердегі орман өртіне қатысты ресми мәлімдеме жасады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли министрліктер үйі алдында ШҚО-дағы орман өртіне қатысты ресми ақпарат берді.
-
ШҚО-дағы өрт бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ІІМ ресми өкілі Нұрділда Ораз дәстүрлі брифингте айтты.
-
Барлық оқулық электронды форматқа көшірілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша 1-11 сыныптарға арналған барлық электрондық оқулық Білім және ғылым министрлігінің сайтында орналастырылған.
-
Сағынтаев тау туризмін дамыту жұмыстарымен танысты
Алматы, BAQ.KZ. Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапары кезінде Аюсай шатқалындағы тау туризмінің инфрақұрылымын дамыту және қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында салынған визит орталықты аралап көрді.
-
Елордада жол апатынан бір адам қаза тапты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 10 мамырда Нұр-Сұлтанда жол апаты болды. Қарсы бетке шығып кеткен жеңіл автокөлік жүк көлігімен соқтығысып, салдарынан жеңіл көлік жүргізушісі қаза тапты.
-
Жұмыспен қамту орталықтарының қызметтерін онлайн алуға болады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның барлық өңірлерінің тұрғындары ағымдағы жылдың мамыр айынан бастап Enbek.kz Электрондық еңбек биржасы порталы арқылы халықты жұмыспен қамту орталықтарының қызметтерін қашықтықтан ала алады.
-
Ұлық Ұлыс – Алтын Орда
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Алтын Орда тарихы тереңнен бастауды қажет етеді. Өйткені бұл тек бір мемлекеттің тарихы ғана емес, бұл бүкіл әлем тарихына қатысы бар, ұлы өзгерістер заманы, дейді Шоқан Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты директорының орынбасары, тарих ғылымдарының кандидаты Әуезхан Шашаев.
-
Риддердегі өрт сөндірілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.Құтқарушылар Риддер маңындағы Лесхоз аулында болған алапат өртті сөндірді, деп хабарлайды Шығыс Қазақстан облысы ТЖД баспасөз қызметі.
-
Түркістандық азаматтар жалғызбасты анаға баспана кілтін табыстады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қасиетті Рамазан айында ізгі амал жасау түркістандық жастар арасында дәстүрге айналған. Жылдағы үрдіс бойынша «Бекзат» мөлтек ауданының 1990 жылы туған ер азаматтары бас қосып, баспана салған болатын. Бүгін тұрмыстық техникалармен жабдықталған 4 бөлмелі үйді 6 перзенттің анасы Нұргүл Әлібаеваға табыстады.
-
Алматы қаласы Алмалы ауданына жаңа әкім тағайындалды
Алматы, BAQ.KZ. Президент Әкімшілігі мен қалалық мәслихат депутаттарының келісімі бойынша Ержан Сейтенов Алмалы ауданының әкімі болып тағайындалды.
-
1 698 893 адам КВИ-ға қарсы вакцина алды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі 11 мамыр күнгі деректер бойынша өңірлерде КВИ-ға қарсы вакцинациялау жүргізу туралы ақпаратты жариялады.
-
COVID-19. 6 өңір «қызыл» аймақта
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылғы 11 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды.
-
Коронавирус. 802 адамның жағдайы ауыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 11 мамырдағы ақпаратты жариялады.
-
Өрттен зардап шеккендердің барлығы баспана алады – Даниал Ахметов
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов Риддер қаласының жанындағы Лесхоз кентіне барып, тұрғындармен кездесті.
-
2329 адам коронавирус індетінен емделіп шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда өткен тәулікте 2329 адам коронавирус індетінен емделіп шықты, деп хабарлайды coronavirus2020.kz.
-
Елімізде өткен тәулікте 1766 адамнан коронавирус анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда өткен тәулікте 1766 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарлады.
-
Қуат Хамитов Американы бағындырғысы келетінін айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық файтер Қуат «Найман» Хамитов (20-7-1) Instagram әлеуметтік желісінде алдағы жекпе-жегінен кейінгі жоспарымен бөлісті.
-
Үндістанда тағы бір кесел тарап барады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Індет өршіп тұрған Үндістанда медицина тілінде мукаре-микоза деп аталатын тағы бір ауру шықты. Бұл туралы 24.kz хабарлады.
-
Ресейде 21,5 млн тұрғын коронавирусқа қарсы вакцина салдырған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ресей Президенті Владимир Путин елде 21,5 млн тұрғынның коронавирусқа қарсы вакцина салдырғанын жеткізді.
-
Сырдария диқандары жаңбырлатып суару әдісін қолға алды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сырдарияның төменгі ағысында су тапшылығы сезіледі, деп хабарлайды «Хабар 24».
-
Дауылды ескерту: Елімізде бұршақ жауып, аяз болады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Синоптиктер Қазақстанның басым бөлігінде найзағай ойнап, бұршақ жауады деп болжайды.
-
Зерттеу: Терезенің жанында отырып істеген жұмыс өнімді болады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Терезенің алдында не жанында отырып жұмыс істеген адамның ісі өнімді, назары толыққанды болады. Ұлыбританияның ғалымдары кеңседегі жұмысты өнімді етудің тәсілін зерттеп, осындай тұжырымға келді.
-
Атырау облысында 2 тонна балық қырылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Балық шаруашылығы комитетінің мәліметіне сүйенсек, Атырау облысының Құрманғазы ауданында 2 тонна қаракөз балығы қырылған.
-
Орман өрті: Полиция күдіктінің табылғанын хабарлады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысының полиция департаменті Риддер қаласында өрттің шығуына қатысы бар күдіктіні анықтап, тапқанын айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
-
Орман өрті: Вице-министр Риддерге аттанды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстанның Риддер қаласы маңындағы өрт аумағынан қауіпсіз жерге көшірілген тұрғындар эвакуциялық пунктерге орналастырылып жатыр.
Наверх