Қызылорда облысында өрт шығу қаупі азайған

11 Мамыр 2021, 21:05
2564
Бөлісу:
Қызылорда облысында өрт шығу қаупі азайған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Руслан Қайрақбаев мәлімдеді.

Орман және дала алқаптарында табиғи өрттердің алдын алу және оларды жою бағытында 26-28 сәуір аралығында барлық аудандар мен Қызылорда қаласында жергілікті атқарушы органдар, мемлекеттік өртке қарсы қызметі, орман шаруашылығы және полиция қызметтерінің бірлесіп әрекет ету бойынша 7 өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізілді. Оқу-жаттығуға 54 бірлік техника мен 298 қызметкер жұмылдырылып, өрттерді бірлесіп өшіру мен ақпарат алмасу пысықталды. Алдағы уақытта облыс көлемінде табиғи өрттерді өшіруге тиісті құрылымдар мен күш құралдары дайын - деді ол.

Сондай-ақ өрт қауіпті кезеңіне байланысты 187 – ескерту тақтайшасы, 15 – баннер, 41 – билборд орнатылды. Сонымен қатар жергілікті атқарушы органдар, полиция қызметі, орман шаруашылығы мен төтенше жағдайлар қызметімен бірлесіп қала және аудандар бойынша құрамында 50 адам бар 9 мобильді топ құрылды. Қазіргі таңда мобильді топпен өрттің алдын алу бойынша 27 рейдтік шара өткізілді.

Облыс бойынша шалғай орналасқан елді мекендерде 168 ерікті өртке қарсы құрылымы жасақталды, оның құрамында 2027 адам, 8 өрт сөндіру автокөлігі мен 421 бейімделген техникасы және 21 мотопомпасы бар.

Қазіргі уақытта, Профилактикалық жұмыстардың нәтижесінде өрт саны өткен жылмен салыстырғанда 5 есеге, шығыны 98,2 есеге азайды. Дегенімен бұл бағыттағы жұмыстар өрт қауіпті кезеңі аяқталғанға дейін жүргізіледі.

Өзгелердің жаңалығы