Алматыда бір тәулікте 430 коронавирус жұқтыру оқиғасы тіркелді

11 Мамыр 2021, 12:01
904
Бөлісу:
Алматыда бір тәулікте 430 коронавирус жұқтыру оқиғасы тіркелді

Алматы, BAQ.KZ. 10 мамыр күні қалада коронавирустық инфекцияның 430 жаңа жағдайы тіркелді, оның 401 симптомдық белгілері бар және 29 симптомсыз.

Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, соңғы тәулікте 218 науқас емделіп шыққан, ал келіп түскендер саны – 229.

Барлық инфекциялық стационарларда 3 516 адам бар, оның 108-і бала. Жалпы реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде – 231 науқас ем алуда. 4 274 науқас амбулаториялық бақылауда, оның ішінде 3 722 науқаста жеңіл және орташа дәрежедегі симптомдық белгілері бар және 552 симптомсыз,-делінген хабарламада.

Сондай-ақ өткен тәулікте Алматы қаласы бойынша 1 772 адам вакцинация алған. Жалпы 1 ақпанан бері вакцина алғандар саны 252 431 адамды құрайды. Оның ішінде 60 жастан асқан 30 357 адам вакцина алған.

Жалпы дозадан қазақстандық QazVac вакцинасы 3 000 данасын құрайды, яғни, 15 күннің ішінде 2 967 адам вакцина алды. 3 мамыр күні қытайлық Sinopharm вакцинасы 15 000 дозасы жеткізілді, оның бірінші компоненті бойынша 1 048 адамға вакцина егілді. Енді қазақстандықтарда үш препараттың ішінен КВИ-ға қарсы вакцинаны таңдау мүмкіндігі бар. Бүгінгі таңда 214 вакцинация пункті жұмыс істейді, 315 вакцинация бригадасында 1 282 медицина қызметкерлері жұмылдырылды және көшпелі мобильді бригадалар іске қосылған,-делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы